[26.08.2009.] Қазақстан Елшісі Сауд Арабстанының Королін Рамазан айының басталуымен құттықтады
15:33
Тамыздың 23-інде Жиддада мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының басталу құрметіне Саудия Королін құттықтаудың дәстүрлі рәсімі өтті. Корольдікте тіркелген 115 дипломатиялық өкілдіктің жекелеген аймақтық топтарының атынан елшілер Сауд Арабстанының Королі Абдалла бен Әбдель Әзиз Әл Саудты құттықтады. ҚазАқпаратқа бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады. Шараға қатысқан Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Қос Мешіттің сақтаушысын азиялық елшілер тобының атынан құттықтады. Әңгімелесу барысында дипломат Саудия Короліне Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың құттықтауын жеткізді және Елбасының Королді Қазақстанға ресми сапармен шақыруын тағы да қуаттады. АСТАНА. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.