[26.08.2009.] Абдуллах Гүл, шәйіт жақындары мен ардагерлерге ауызашар берді
16:13
Чанкая Сарайында ауызашар асы. Елбасы Абдуллах Гүл шәйіт жанұяларына және ардагерлерге Чанкая Сарайында ауызашар асы берді. Ауызашар асына 2008 және 2009 жылдары шәйіт болғандардың жақындары мен ардагерлерден тұратын 300 адамдық бір топ қатысты. Елбасы Гүл шәйіт жақындарына: «Тек қалауымыз сіздерге жаңалары қосылмасын. Жаңа қайғылар болмасын» деп сөйледі. Гүл сөздерінің жалғасында: «Осы күндері бас қатыратын нәрселер бар. Сіздерде көріп, естіп жатқан шығарсыздар. Осылардың кейбіреулерінің мені де қатты қинайтынына сеніңіздер. Бірақ мемлекетіңіздің күшіне де сеніңіздер. Мемлекетіңіз еш қашан қателік жібермес. Әсіресе шәйіттеріміздің қайғысы мен ардагерлеріміздің қайраттарын еш қашан ұмытпас. Бар қайратымыз сіздерге жаңаларының қосылмауы үшін...» деді. Ақпарат көзі...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.