[26.08.2009.] Хиджаб қасиет пе, әлде қасірет пе? - 26 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:57
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1778
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 26 » [26.08.2009.] Хиджаб қасиет пе, әлде қасірет пе?


[26.08.2009.] Хиджаб қасиет пе, әлде қасірет пе?
19:06
nullОсыдан біраз жыл бұрын көшеде хиджаб киген қазақ әйелін көрсек, таңырқай қарайтынбыз. Ал бүгінгі күні хиджаб киген қазақ қыздарын көшеден де, қоғамдық орындардан да, мәдениет ошақтарынан да, жоғары оқу орындарынан да, тіпті мектеп қабырғасынан да кездестіретін болдық. Осы орайда, «Хиджаб деген не? Қазақ әйелдерінің хиджаб киюінің мәнісі неде?» деген сауалға жауап іздеп қала көшесіне шығып, одан әрі орталық мешітке бас сұқтық.

Екі имам, екі көзқарас
Қазақ әйел-қыздарының хиджаб киюі жайлы діндарлар не айтады?
Атын атамауды өтінген бірінші имам:

– «Шариғатта хиджаб кию – парыз» деген сөз жоқ. Шариғат мұсылман әйелдеріне етек-жеңін жауып жүруді парыз еткен. Осы арада дін мен салт-дәстүрдің ара-жігін ажыратып алмай, «хиджаб кию – парыз» деп, оны міндеттеп, насихаттап жүргендер де бар. Ең сорақысы, сол хиджабты насихаттаушылар «діні таза» деп, қазақ қыздарының араб, түрік жігіттеріне тұрмысқа шығуын қолдайды. Алға тартатындары – дініміз бір. Ал олар ертеңгі күні айналдырған төрт қазақтың екеуі араб, түрік болып кететінін ескермейді. Тіпті шариғатта «ата-анаға қарсы шығуға болмайды» делінгендігін біле тұра, хиджаб киіп, ата-анасына қарсы шыққан қыздарды жақтайды.

Рахымжан Әкімбеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оқу-ағарту бөлімінің маманы:

— Хиджаб кию – парыз. Парызды орындау – мұсылманның міндеті. Шариғат мұсылман әйелдеріне қолдың екі алақаны мен жүзінен басқа жерін ашып жүруге тыйым салады. Онда «қазақша киінсін» деген сөз жоқ. Қазақтың киімі етек-жеңі жалбырап, ыңғайсыз. Оның үстіне, материал да көп кетеді. Хиджабты кез келген жерде киюге болады. Мектептерде де хиджаб киюге рұқсат беру керек. Ал қыздардың араб, түрік жігіттеріне тұрмысқа шығуына келсек, несі бар, шыға берсін. Бәріміз дініміз бір мұсылманбыз. Біз араб пен қазақтың арасын бөлмеуіміз керек. Негрге, қытайға да тұрмысқа шығып жатыр ғой. Тіпті кейбір ата-аналар қызының хиджаб киюіне қарсы. Ондай ата-аналар – дінсіз.

Хиджаб киген екі қыз
Хиджаб киген, аты-жөнін айтудан бас тартқан бірінші қыз:  
– Хиджаб кию – мұсылман әйелдеріне парыз. Ол – имандылық. Шариғатта «қазақша киінсін» деп айтылмаған. Хиджаб кимейтіндер – имансыздар. Олардың неше түрлі күнә жасап жүргенін естіп, көріп жүрміз. Қалай болса солай, ашық-шашық киініп жүреді. Біздің осылай киінгенімізге қарсы шығатындар да осындай жас қыздар мен жігіттер және үлкен кісілер. Кейбір қыздардың ата-анасы қызының хиджаб кигеніне қарсы болып жатады. Ол кісілер дінсіз заманда өмір сүрді ғой. Сондықтан түсінбейді. Ал қазақ жігіттері әлі де имандылыққа бет бұра алмай жүр. Сондықтан біздің қыздарымыз араб, түрік жігіттеріне тұрмысқа шығуға мәжбүр. Олар да отбасы құрулары керек қой.

Орталық мешітте кездескен, аты-жөнін айтудан бас тартқан, хиджаб киген екінші қыз:  
– Хиджаб киюдегі басты мақсат – етек-жеңді жауып жүру. Қазақша киініп те етек-жеңді жауып жүруге болады. Бірақ елдер күледі ғой. Қазақтың киімін ешкім де кимейді. Хиджабты барлық жерлерде киюге болады. Ал қыздардың араб, түрік жігіттеріне тұрмысқа шығуы шарт емес. Бірақ әркімнің өз қалауы бар. Намазға жығылып, имандылық жолымен жүретін қазақ жігіттері де бар ғой. Ал енді заманауи киінетін қазақ қыздарының бәрі имансыз, жаман жолда жүреді дегенге қосыла алмаймын.

Зейнеп апай қынжылды
Қазақтың салт-дәстүрін, имандылықты насихаттап жүрген Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова апайымызға осы мәселе жөнінде хабарласқан едік:
– Қазіргі уақытта дін, мәдениет және басқа да жағынан біздің ұлттық тұтастығымызға, бірлігімізге, ұлттық салт-дәстүрімізге жан-жақтан жымысқы шабуылдар жасалып жатыр. Қазақ қыздарының хиджаб киіп тұмшаланып жүруі біздің ұлттық салтымызға мүлде қарама-қайшы. Себебі оң жақта отырған қазақ қызы күйеуге тигенге дейін басына кәмшат бөрік киген. Орамал тартпаған. Қазақтың ұлттық салтында қыздың басына орамал жамылғаны «отбасылы болды» деген мағына береді. Дінді алға тартып, басқа елдің салтын тықпалау – қазақ ұлтына жасалып отырған қиянат. Олар бүгінгі күнгі біздің ұлттық идеологиямыздың әлсіздігін пайдаланып, жастарымызды жолдан тайдыруда. Бұл – теріс діни ағымдардың тірлігі. Имандылықты тұмшаланумен таразылаудың керегі жоқ. Имандылық жүректе болу керек. Ұлт болып сақталып қалу үшін ұлттық салт-дәстүрді сақтау керек.

Сатушының сыры
Бүгінгі күні базарларда, сауда орталықтарында арнайы хиджаб сататын дүңгіршіктер саны арта бастаған. Демек, сұраныс бар. Осы орайда, сұраныс қаншалықты екенін білмек болып, сатушыны сөзге тарттық.
Лена, хиджаб сататын сатушы:
– Сауда жаман емес. Дүңгіршектің иесі – түрік азаматы. Дүңгіршектен тек қазақ қыздары ғана емес, түрік, ұйғыр, тіпті еуропалық нәсілдегі қыздар да сауда жасайды. Бірақ кейінгі кезде біздің дүкенге келетін қазақ қыздары көбейіп келеді. Бізге алушының көп болғаны жақсы.
Ақпарат көзі...

Қорытынды: Құрметті оқырман хижабқа байланысты оң немесе басқада көзқарас пікірлеріңіз болса сайтымыздың сұхбат бөлімінде талқыға салсаңыз болады. 
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1551 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 2.5/2 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0