[26.08.2009.] Темекі тартудан тартыныңыз - 26 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 26 » [26.08.2009.] Темекі тартудан тартыныңыз


[26.08.2009.] Темекі тартудан тартыныңыз
19:50
nullТемекі тарту көне замандарда, пайғамбарымыздың, сахабалардың кезінде әдет болмаған. Сондықтан темекі тартудың адал, яки арамдығына байланысты хадистерден, имамдардың пәтуаларынан нақты дәлел табу қиын. Темекінің «харам» екені қай кезден бері айтыла бастады? Марлен СӘЛМЕНҰЛЫ, Қостанай қаласы
Темекі алғаш рет XVI ғасырда пайда бола бастағаннан бері оның адал не арамдығына байланысты ислам ғұламаларының түрлі пікір білдіргенін байқаймыз. Қайсібір ғұламалар темекіні нақты харам ететін Құран, не хадистен айқын дәлелдің жоқтығын және сол ғасырларда оның адам ағзасына зияндылығы анық дәлелденбегендігін алға тартып «мәкрүһ» немесе «мүбах» деп үкім шығарса, енді біреулері құрандағы кейбір аяттарға сүйене отырып «харам» деп кесіп айтқан.
Ислам шариғатында кейбір үкімдердің заманы мен жағдаятқа қарай түрленетіні мәлім. Темекі тарту үрдісінің кең тарамаған әрі денсаулыққа аса зияндылығы нақты дәлелдене қоймаған ерте дәуірлерде берілген «мәкрүһ» үкімнің бүгінгі таңда басқаша қаралатыны анық. Сондықтан кейінгі ғасырларда темекі тарту әдетінің әлемде, оның ішінде мұсылмандар арасында да кең жайылып, денсаулыққа аса зияндылығы ғылыми тұрғыда нақты анықталғаннан кейін басым көпшілік ислам ғұламалары мен бірқатар ислами ұйымдар оның анық харам екендігін айтып пәтуа шығарды. Мысалы, Мысырдағы «әл-Азһар» университетінің жанындағы «пәтуа комитеті» 1979 жылы темекіге «харам» деп пәтуа шығарған. Алайда түрлі қарсылықтар мен ескертулерге қарамастан шылымқорлар темекі тартудан тартынар емес. Ақпарат көзі.

Категориясы: Білгім келген бір сұрақ.... | Көрілді: 1075 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0