[27.08.2009.] Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабия королін қасиетті Рамадан айының басталуымен құттықтады
00:00
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабия королі Абдалла бен Әбдель Әзиз Әль Саудты қасиетті Рамадан айының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР елшісі Қайрат Лама Шариф жеткізді, биылғы 23 тамызда Джиддада Сауд Арабия Королін мұсылмандар үшін қасиетті Рамадан айының басталуына орай Корольдікте тіркелген 115 дипломатиялық өкілдіктердің дәстүрлі құттықтау рәсімі өткізілген. «Бұл рәсімге Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф те қатысып, азиялық елшілер тобының атынан құттықтады. Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Сауд Арабиясының королі Абдаллаға ҚР президенті Н. Назарбаевтың құттықтауын жеткізе отырып, мемлекет басшысының оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын тағы қуаттады». "Қазақ радиосы"
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.