[28.08.2009.] Американдық мұсылмандар намаз оқу үшін синагогаларды ежіреге алуда
16:10
Американдық мұсылмандар намаз оқу үшін синагогаларды ежіреге (аренда) алуда. АҚШ-та мұсылмандар санының артуымен мешіттерге деген сұраныстар пайда болуда. Мұсылмандардың көбеюімен мешіттер жеткіліксіз болды. Осындай мәселеллерге байланысты Вирджиния штатының мұсылмандары еврей қауымдастығына өтініш жасап, Рамазан айында тарауих намазын оқу үшін синагогаларын ежіреге берулерін сұрады. Әл-Арабия каналының хабарлауынша Вирджиния мұсылмандары синагогалардан бөлек, жұма намаздарын өткізу үшін салтанат сарайлары мен залдарын ежіреге алуда. Раввин Роберт Носанчук Исая пайғамбардың (أشعياء) "Біздің үйіміз барлық халыққа үй бола алады" деген сөзін келтіре отырып, мұсылмандардың өтінішін қабыл алғандығын білдірді деп хабарлайды islamnews.ru. Суретте Вирджиния мұсылмандары жергілікті синагогада.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.