[28.08.2009.] ҚЫЗЫЛҚҰМДА “ЕР МАҒЗАМАН” МЕШIТI АШЫЛДЫ - 28 Августа 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 05:56
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 608
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 28 » [28.08.2009.] ҚЫЗЫЛҚҰМДА “ЕР МАҒЗАМАН” МЕШIТI АШЫЛДЫ


[28.08.2009.] ҚЫЗЫЛҚҰМДА “ЕР МАҒЗАМАН” МЕШIТI АШЫЛДЫ
23:10
nullНұрата мен Сыр бойы халқының пiрi болып, ел құрметiне бөленген қасиеттi бабаларымыздың бiрi — Мағзаман баба, оның атындағы мешiт жуырда Сарыбұлақ ауылында өз есiгiн кең ашты. 
Бұл күндерi есiмi елге танымал азаматтар туған өңiрлерiнде жаңа мешiт салу сияқты иманды iстердi жиi қолға алып жүргенi белгiлi. Алайда, Қарақалпақстанмен шектесетiн Қызылқұм жиегiндегi шағын ауылда мешiт салу қиынның қиыны. Жолдың ұзақтығы мен жайсыздығы алабөтен қиындықтар туғызады. Осындай алыс ауылға, туып-өскен жерiне зәулiм де салтанатты мешiт үйiн салу екiнiң бiрiнiң қолынан келмейтiн iс. Жүректiлiктi ғана емес, иманды iске үлкен сенiмдiлiктi талап етедi.
Қызылорда қаласынан 350 шақырым жерде орналасқан Сарыбұлақ ауылы Мағзаман мешiтiн ашу күнi мұнда ешкiм ұйықтамады десе болғандай. Өнерге сусап қалған ауылға көрнектi жырау, ғалым Алмас Алматовтың басқаруымен келген жыраулардың өнерлерi түрлi спорттық ойындар ауыл тұрғындарының көңiлдерiн сергiтсе, екiншi жағынан мешiттiң ашылуы көкiректерiне ислам нұрын құйған. Бұл — ауыл тұрғындарының жүзiнен, сөйлеген сөздерiнен анық аңғарылып тұрды.
“Ер Мағзаман” атындағы мешiттiң ашылуына елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен қонақтар келiп қатысты. Қызылорда облысының бас имамы бастаған дiн өкiлдерi, ауыл ақсақалдары, Алматы, Астана, Атыраудан келген меймандар сөз сөйлеп, Құдай үйiнiң салынуын оң өзгерiстерге балайтынын айтты. Аталған мешiтте бiр мезгiлде жүзге жуық жамағат намаз оқуға мүмкiндiк алмақшы.
Мешiттiң ашылу салтанаты аламан бәйгеге ұласты. “Мағзаман” атындағы мешiттi салушы, құрылысшы Тоқсан Жаңабаев бабаларына арнап ас бердi.
“... Ер Мағзаман әулие бабалары
Аузынан тастамаған бiр Алланы.
Ел үшiн имандылық үйiн салды,
Жаңабай атамыздың балалары”, — деп жырлаған ақынмен бiрге ауыл тұрғындары адал көңiл, ақ баталарын берiп жатты. Т.Дайрабай. www.turkystan.kz
Ескерту: суреттің мақалаға қатысы жоқ.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 914 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: erkintursynbek

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3564
Осы ай ішінде: 23
Осы апта ішінде: 7
Кеше: 2
Бүгін: 0