[31.08.2009.] «Тастақтан» шыққан тәуіп - 31 Августа 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:52
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 31 » [31.08.2009.] «Тастақтан» шыққан тәуіп


[31.08.2009.] «Тастақтан» шыққан тәуіп
16:47
nullҚазақ қарап жүре ме, не біреуді мақтап беделін көтереді, не біреуді даттап, ағаш атқа теріс мінгізіп, масқарасын шығарады. Қалалықтардың бүгінгі әңгімесі Қоқым туралы болып тұр. Базарда, аялдамада, моншада, кафеде, тіпті көпшілік әжетханасында да Қоқым туралы гу-гу әңгіме.
– Кеше ғана шарапханаларды шарлап, Саин көшесінің асфальтін тоздырып жүрген Қоқым бүгінде басына ақ сәлде орап, қолына таспиқ алып, мешіттегі жұма намазынан қалмайтын болыпты. Дәретсіз адаммен амандаспайды екен. Дінге берілгені сонша, бірде байқамай шіркеуге кіріп кетіпті. Екі көзін тарс жұмып уағызға ұйып тұрған ақ сәлделі адамды көрген поп «мінәжат етуге келген екен» деп қуанып, қасына жақындап, «қасиетті әулие әкесі мен ұлы» деп шоқындыра бастайды. Сонда ғана сақалы сапсиған, еңгезердей поптың кеудесіндегі күміс кресті көріп, көзі атыздай болып тұра қашады, – дейді айтушылар тамсанып.
– Адам өлтіргеннен басқа қылмыстың бәрін істеп, күнәһар болғанын өзі де мойындапты, – дейді тағы бір айтушы, – Мойындапты да мойнына бұршақ салып, тақуалық, сопылық жолға түсу ниетімен қажылыққа жаяу кетіпті.
– Оны айтасың, Қоқым көріпкел әулие, Ибн Синадан да білгір тәуіп, құшынаш болыпты. Өлген адамды тірілтеді екен деген дақпыртты да естідік, – деді тағы бір әңгімеші.
null– Ойбай-ау, ол күні кеше көшеде мас болып құлап, құсығын ит жалап жататын Қоқым емес пе? Аяқ астынан қалай ғана әулие, тәуіп бола қалды? – десті көк езу күдікшілдер.
– Құдай берем десе терезенің портышкасынан да бере салады, – десті Қоқымға іш тартатындар, – сіркесін сығып, битінің қанын жалап жүрген байғұс еді, басына бақ қонайын деген де. Тәуіп, көріпкел болса анау Кашпировский мен Чумак сияқты миллионер болар. Өзімізден де ақ әулие, сары әулие, тарғыл әулие дегендер шығып еді ғой. Солар қайда қазір? Мына сеңдей соғылысып, жындануға айналған жұртты неге емдемейді? Қоқым олардан кем бе, «тастақтан» шыққан қара әулие атанса, оған кімнің таласы бар? Әр заманның өз құрқылтайы бар, бұл да бір жарыққа шықсын да.
Осы тектес ғажайып қызық әңгімелер қалаға сыймай, селдей тасып, Алатаудан асып қырғызға да жетті. Қала халқы екіге жарылды. Бірі – Қоқымды мақтады, екіншісі – даттады. Кейде осындай кереғар пікірталастың соңы төбелеспен аяқталып жүрді. Екі топтың арасындағы мылтықсыз майданды Қоқымның өзі тоқтатты. Баспасөз беттерінде оның таңғажайып жан тебірентерлік жарнамасы жарияланды. Жарнамада былай деп жазылған:
– «Уа, жамағат, енді ештеңеден үркіп, қорықпай, алаңсыз өмір сүрулеріңізге болады. «Тастақтан» шыққан, теңдесі жоқ тәуіп Қоқым мына мен боламын. Міне, мен аспаннан аяқ алып орталарыңызға келіп тұрмын. Мен адам ағзасына баса-көктеп кіріп кеткен жын-шайтан, жеті басты жалмауыз, сиқыршы-перілерді, жалғыз көзді құбыжықтарды дуамен дүрелеп, қырып-жойып, қуып шығамын. Денеңізді жайлап алған қырсық атаулыдан тазартып, періште қалпына келтіремін. Егер қаласа, өмірі пұшпағы қанамаған елудегі әйелге (алпыстағыға кепілдік бере алмаймын) сәби сүйгіземін. Өз қағынан жерініп, әйел, бала-шағасынан безіп, басқаның қаңсығына таңсық болған адасқан еркектерді ботадай ноқталап, жетектеп әкеліп өз үйіріне қосамын. Некелі күйеуін менсінбей, ашынасына қашып кеткен адасқан әйелді тәубасына келтіріп, отбасына оралтамын. Оның бойын, алпыс екі тамырын жайлап алған ақ сайтан, көк сайтандарды, нәпсісіне тағат таптырмайтын ақ, қарабас құрттарын қайта бас көтермейтіндей етіп дуамен отқа өртеймін. Әрбір отбасында бірлік, береке, татулық орнатамын. Сексендегі селкілдеген шалдың жасын елу пайызға қысқартып, қылшылдаған қырықтағы қалпына келтіремін. Төлеген ақын бір кездері «Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам» деп жырлаған болатын. Әне, ол өзі айтқандай «сағындыртады» да қояды. Ал мен кемпошкаларды реальный қыз қалпына оралтамын. Жүректеріндегі әлдеқашан күл-қоқысқа айналып, сөніп қалған махаббат отын қайта маздатамын. Оның алаулаған жалыны кешегі шал, бүгін орта жасқа оралғандардың жүрегін жібітіп, махаббаттың бал-шырын тәтті ләззатына бөлейді.
Таза демі таусылып, өліп кеткендерді тірілтемін деп күнәһар бола алмаймын. Бірақ енді-енді өлгелі жатқандарды о дүниеден суырып аламын. Міне, мен сөйтемін!
Менің қызметімді керек еткендер болса, мекенжайым мынау:
«Тастақ». Тоғыз жылдан бері тоқал іздеп, табанынан таусылып жүрген Түксеннің үйінің қасындағы тоқал там. Сылағы түсіп, шипыры сынған тамды көріп шошып қалмаңыз. Шын әулиелер жұпынылықты жақсы көрген».
Осы жалынды жарнаманы оқыған жұрт Қоқымның құжырасына қарай құмырсқадай қаптады. «Тастақтан» шыққан тұңғыш тәуіп аз күнде жаяу жүруге ұялып, Мерседес мінді. Екі айдан кейін клиенттерін көп қабатты коттеджде қабылдайтын болды. Бір жылдан кейін бойындағы күннен энергия алатын аккумуляторы істеп шықты ма, ешкімді қабылдамай қойды. Елдің естуінше, періште, сопы боламын деген антынан айнып, бір емес, екі әйел алыпты. Бір күні «Қоқым әулие мас болып, айықтырғышқа түсіпті» деген қаңқу сөз де естілді. Енді бір күні «бір қап баксты арқалап, шетел асып бара жатқан жерінен қолға түсіп, абақтыға қамалды» деген хабар естілді. Ел енді абақтыға қарай ағылды.
– Қоқымды өз қолымызға беріңдер, ол алаяқты өзіміз соттаймыз, – деп айғайлапты. Сөйтсе, кемпошкалар қыз қалпына келмеген. Шалдар орта жасқа оралмақ түгілі, қайтыс болып кеткен. Еркегі бар, әйелі бар, өз «қағынан жерігендер отбасына оралмаған. Енді-енді өліп бара жатқандар сәбсім өліп кеткен.
Қоқым «Мені абақтыдан шығармаңдар, ұзақ уақытқа соттап, Тескентау асырып жіберіңдер» – деп жоғарғы жаққа арыз айдап жатыр деген қауесет те естілді. Әзір оның рас, өтірік екендігін ешкім білмейді… "Алаш айнасы"

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1217 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Тамыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0