[25.10.2009.] Құран парақтары өртелгені үшін ауған студенттері шеруге шықты
18:04
Ауғанстынның астанасы Кабулде бүгін мыңдаған адам наразылық шеруін өткізіп, ауған парламенті ғимаратының алдына жиналды. Наразылық шеруіне қатысушылар Кабул университетінің студенттері және басқа ЖОО студенттері.
Наразылық танытушылардың айтуынша, өткен аптада Майдан Уардак өлкесіндегі рейд барысында шетел күштері қасиетті Құран кітабының нұсқасын өртеген деп хабарлайды Азаттық радиосы. Бүгін шерушілер бір сағат бойы Кабулдағы негізгі көшелердің бірі Дар әл-Аманды бөгеп тұрды. Шеру Уардак, Газни және Қандағар қалаларында басталып, бүгін Кабулге жеткен болатын.
Шерушілердің плакаттарында "НАТО-ға өлім", "АҚШ-қа өлім", "Обамаға өлім", "АҚШ әскерилері - Ауғанстаннан кетіңдер!" "ISAF - Ауғанстаннан кетсін" деген жазулар бар деп хабарлайды РИА "Новости".
Trend News Кабул полициясына сілетеме жасап шеру кезінде ешқандай инцидент болған жоқ деген болатын. Дегенмен Азаттық радиосыауған полициясы Кабулдағы наразылық акциясына жиналған мыңдаған адамды тарату үшін әуеге оқ атты деп хабарлады. Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО жетекшілігіндегі күштердің баспасөз хатшысы шетел әскерилерінің мұндай әрекетке қатысы жоқ деп мәлімдеп, Талибан бүлікшілерін жалған ақпарат таратуда деп айыптады. ДінИслам ақпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.