Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі, ҚМДБ ғұламалар кеңесі және ҚР Алматы қалалық обсерватория орталығының зерттеу нәтижесі бойынша хижраша 1430 жылдың зул-хиджа айының 10-жұлдызы (Құрбан айт), милади бойынша 2009 жылдың қараша айының 27-жұлдызына сәйкес келетіндігін анықтады. Бұған қатысты Түркия, Ресей ғалымдарының да жауабы бізбен бірдей шықты. Сондықтан, 2009 жылдың 27 қарашасы (хижраша 1430, 10-зул-хиджа) - құрбан айттың бірінші күні. Ал құрбан айт намазы 27 қараша күні Алматы уақыты бойынша күн найза бойы көтерілгенде, яғни таңғы сағат 8 сағат 30 минутта оқылады. Бұған дәлел Жундуб (р.а.) риуаят еткен мына хадис: «Біз Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге ораза айт намазын күн екі найза бойындай болғанда оқыдық, ал құрбан... Жалғасын оқу »