Құрбан шалу Ибраһим пайғамбардан қалған сүннет. Бүгінгі құрбан айттың құрметіне Алматының Орталық мешітінде Айт намазы оқылды. Құрбан айт, Құран-кәрімде жазылғанындай Айт намазынан басталады. Барлық мешіттерде мұсылман бауырлар қатар тұрып, иық тіресіп, сәждеге маңдайларын тигізеді. Жиылған жамағат Алланы мадақтап, діни уағыз тыңдайды. Елімізде 2006 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні Президент жарлығымен демалыс күні болып есептеледі. Құрбандыққа мал шалу шамасы келетіндер үшін уәжіп, яғни міндет. Еліміздің Бас мүфтиі барша қазақстандықтарды әрдайым, бір-біріне мейірімді болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге шақырды. Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас Мүфтиі: - Бүгін әлемнің 2 млрд. мұсылмандары қасиетті Мәкка Мүкәрә мен Мәдинемә Мүнәуәрәга... Жалғасын оқу »