Өйткені, саған қойылар бүгінгі уақыт талабы күшейді. Сынақтан неге сүрінді? Қызылорда облыстық «Ақ мешітте» Сыр өңіріндегі Дінбасының бұйрығынан өтпеген 21 ауыл имамы мен молдасы екі күн бойы діни басқарманың аппарат жетекшісі Қайрат Жолдыбайұлы бастап келген жеті кісілік сараптау комиссиясының сынағына түсті. Алғашқысы Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі Тілеуқабыл ишан мешітінде 16 жылдан бері молдалық етіп келе жатқан 69 жастағы Тыныштық ақсақал Иманғазиев еді. Ол кезінде жергілікті мешіттің жанындағы сауат ашу курсында аз-кем тіл сындырған. Мамандығы бойынша веттехник, яғни кіші мал дәрігері. Қазалы зооветеринарлық техникумын бітіріп, көп жыл мал шаруашылығында қызмет еткен. Соңғы қызмет орны Сексеуіл коммуналдық шаруашылығының директоры екен. Әлбетте, Алланың разылығы үшін дінге қызмет еткенге не жетсін?! Оған да, жалпы сараптауға қатысқан өзге де а... Жалғасын оқу »