Құрбан айт қарсаңында жер-жерлерде көптеген игі істер атқарылды. Соның бірі ретінде Бәйдібек ауданының Сарқырама елді мекенінде бой көтерген Маханбет Бекейұлы атындағы мешіттің ашылуын айтуға болады. Бұл сәулетті мешітті осы ауылдың тумасы Ержан Бекеев (суретте) өз қаржысына салдырып, ел игілігіне пайдалануға берді. Ержан бауырлары Әділ және Дастанмен бірге Алла үйінің құрылысын бас-аяғы бес-алты айда бітіріп, кілтін жерлестеріне өз қолымен тапсырды. Бұған дейін ауыл тұрғындары үш рет асарлатып мешіт тұрғызбақшы болған-ды. Бірақ басталған іс түрлі себептермен аяқсыз қала берген. Енді, міне, ауылда мешіт бар. Осыған разы болған ауылдастары Ержан мен ағасы Әділге ат мінгізіп, иықтарына шапан шапты. Мешіттің ашылу рәсіміне облысымыздың бас имамы Ахметжан қажы Керімбеков, ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы ... Жалғасын оқу »
Қазақстанда Құран сүрелері «экстремистік» сипаттан толықтай арылды
Астана сотының шешімімен, жалпы саны 53 материал экстремистік әдебиеттер тізімінен шығарылды. Олардың арасында Құран сүрелерінің аудиотаспалары да бар. Осыдан бес ай бұрын дәл осы сот елде пайдалануға тыйым салынғандар тізіміне Құран сүрелерін қосып қойғаны қоғамда наразылық тудырған еді. ... Жалғасын оқу »