Желтоқсан айының бас кезінде Брюссельге кезекті мәжіліске жиналған Еуроодаққа мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге байланысты Тель-Авивтің талап етуімен сәл жұмсартылған сөз тіркесімен Швеция Сыртқы істер министрі Карл Бильдтің ұсынысы бойынша резолюция қабылдады. Карл Иерусалимді екіге бөліп, оны екі мемлекеттің — Израиль мен Палестинаның астанасы етуді ұсынды.
Бірақ, бұл идея сонау 1980 жылдың өзінде-ақ Киелі қаланы өзінің «жалғыз әрі бөлінбейтін» астанасы деп жариялаған Еврей мемлекеті ұстанымына сай келмесе, 1967 жылғы алты күндік соғыс кезінде израильдіктердің қол астына өтіп кеткен Иерусалимнің шығыс бөлігін өзінің астанасы ретінде көргісі келетін палестиналықтар қойып отырған талапқа дөп келеді. Сонымен, Иерусалия бөліне ме, жоқ па?
Би-Би-Си ақпарат орталығының жуықта жария еткен ақпарына қарағанда, Мысыр билігі Рафах бекеті маңында Газа секторымен шектесетін шекара аймағында екі елдің арасын бөлетін биік темір қабырға қорғанын салуға кіріскен көрінеді. Қуатты техникалармен қаруланған мысырлық жұмысшылар темір қабырға қоршауды салуға жедел кірісіп кетсе керек.
Бұл жоба билік шешіміне сәйкес, бір жарым жыл ішінде аяқталуы тиіс екен. Аталған жобаны жасаумен американдық әскери инженерлер айналысыпты деседі. Бір қызығы, білетіндер бұл темір қабырға қорған не үшін, қандай мақсатқа байланысты салынып жатқаны жеті қат жер астындағы құпия дейтін көрінеді. Дегенмен, барлау саласында істейтін қайсыбір лауазымды тұлғалардың әлгі Би-Би-Си ақпарат орталығына берген сұхбатына сенсек, құрылысы бір жарым жылға созылатын осынау биік темір қорш... Жалғасын оқу »