Осы жылдың алғашқы тоқсанында елімізде Ислам банкілерінің бірі өз өкілдігін ашады
Қазақстанда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға олар 1 миллард АҚШ
долларын алып келеді. Өткен жылы еліміздің қаржылық бақылау Агенттігі
мен мемлекеттік банк ислам банктерінің шарты негізінде кейбір
Заңнамаларға өзгеріс енгізіп, құжаттарды Парламент арқылы бекіткен
болатын. Ислам елдерінің қаржы ұйымдары негізінен мұнай өңдейтін
зауытарды жөндеуге, гидроэлектростанциясын, атом станциясын салуға және
агроөндірістік ірі кешендер құрылысын салуға дайын екендерін
жеткізді.Ислам банктерінің қаржы жүйесі әлемде енді қолданысқа ене
бастаған жаңа механизм. Малазия ислам қаржыландыруының 20 пайызын
қолданса, Сауда Арабиядағы қаржы көрсеткіші әзірге 40 пайызбен
шектеліп тұр.
Тимур Омаров, «Алматы аймақтық қаржы орталығының... Жалғасын оқу »
Гаити үкіметі, жер сілкінісінен қаза тапқандар туралы жаңа цифрларды жариялады
«Порт-о-Пренсте» 150 мыңнан астам адам жерленген. Бұны ел
астанасында өткен баспасөз маслихатында үкімет өкілдері мәлімдеді.
Олардың айтуынша, үйінділер астында әлі талай адам жатыр. Бірақ, Еуропа
комиссиясының есебіне қарағанда, құрбандар саны 200 мыңға жетіп қалады.
Басшылық іздеу-құтқару операцияларын тоқтатып, мемлекетті қалпына
келтіру жұмыстарына кірісті. Бірақ, жүздеген мың адам баспана мен
емделетін госпиталдерге, дәрі-дәрмекке, азық-түлік пен ауыз суға зәру.
Гаитидегі жантүршігерлік хабарлар британдық баланы бей-жай қалдырмады
Жеті жастағы Чарли Симпсон жер сілкінісінен зардап шеккендерге ақша
жинау үшін велосипедтен жарыс өткізді. Жеткіншектің жолы болды деуге
болады. Лондондағы саябақтардың бірін айналып шыққаннан кейін оның
қайырымдылық қорына 65 мың фунт стерлинг түскен екен. Ал, Гаитидің
өзінде зілзала құрбандарының саны 150 мыңға жетіп отыр.