Тамыз айының орта шенінен бастап қазіргі қолданыстағы әлеуметтік жеке код (СИК) пен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) өз күшін жояды. Ал олардың ортақ қызметін жеке идентификациялық код атқаратын болады. Егер аталған мерзімнен кейін де жеке төлқұжатыңызда код болмайтын болса, төлем төлеу, ақша аудару, несие алу, хал-актілерін жасау секілді әлеуметтік қызметтерді пайдалану құқығынан айырылып қаласыз. Сондықтан оқырмандардың мәселеге мұқият назар аударуын сұраймыз. Рас, ел халқының үлкен бөлігінің төлқұжатында жеке код қазірдің өзінде бар. Өйткені Әділет министрлігінің хабарлағанындай, 12 цифрдан тұратын бұл код жеке құжаттарға 1997 жылдан бастап қойыла бастаған. Ал араға он жыл салып, 2007 жылы арнайы коды жоқ төлқұжаттарды қайта рәсімдеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мұндай қайта рәсімделген төлқұ... Жалғасын оқу »