Сәуір - кенеден келетін қырым безгегі күшейетін кезең. Қазірдің өзінде Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы науқас та тіркеліп үлгерді. Жылда осы оңтүстік өңірлер - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының малды ауылдары қырым безгегінің ауыр зардабын тартады. Ал биылғы жыл Қызылорда облысында Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидембақылау комитетінің төрағасы Кеңес Оспановтың басқаруымен өткен жиында облыстық Мемсанэпидембақылау департаменті бастығы Ерсұлтан Қуандықовтың мәлім еткеніндей, кенелердің таралу ауқымы тіпті артыпты... - Өткен жылы кене «басқыншылығы» болуы мүмкін 36 елді мекенді бақылауға алсақ, биыл 47 ауылда санитарлық сақтандыру шараларын жасауға тиіспіз, - деді Е.Қуандықов. Бұл жағдай өзге облыстарда да осылай. 2009 жылы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда қырым безгегіне шалдыққанда... Жалғасын оқу »