Астанада өтетін конференцияда діни төзімділік мәселесі талқыланады
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында дінаралық келісім мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда шілденің 29-30-ы күндері Астана қаласында өтетін толеранттылық пен дискриминацияға қарсы конференцияның маңызы зор. Бұл туралы бүгін «Еуразия аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы» атты халықаралық ғылыми конференцияда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ департаменті Әскери-саяси басқармасының бірінші хатшысы Серік Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, конференция барысында діни төзімділік, оның ішінде мұсылмандар, христиандар мен басқа да дін өкілдерінің құқықтарын шектеу мәселесі, сондай-ақ діни шыдамдылықты күшейту жолында ақпараттық және гендерлік сауаттылықты дамыту проблемасы... Жалғасын оқу »