[24.12.2010.] Мұсылмандар рождество мен жаңа жылды атап өтуіне болады ма? - 24 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:04
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 685
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 24 » [24.12.2010.] Мұсылмандар рождество мен жаңа жылды атап өтуіне болады ма?


[24.12.2010.] Мұсылмандар рождество мен жаңа жылды атап өтуіне болады ма?
18:48

Төл тарихымыздан тағлым алар болсақ, Атырау мен Еділдің, Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан сайын даланы білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап, қорғап қалған. Ұрпағына аманаттаған батыр бабаларымыздың өнегесінен өзгеге еліктеуді, жат қылықты әдетке айналдыруды байқамайсың. Қайта оларды осындай жанқиярлық іс әрекетке итермелеген имандары неткен кәміл деген ойға шомасың. Ал қазіргі адамдарды олардың нағыз ұрпақтары деуге келе ме?
Бүгінгі күнде көптеген мұсылмандар басқа діндегілердің мерекелерін атап өту құмарлығына бой беріп жатыр және бұндай амалдардың өздеріне қаншалықты көп жәбір келтіретінін түсінбейді.
Рождество Христово және жаңа жылдың шығу тарихы.
Құрметті менің баурым, Рождество мерекесінің түпкі тамыры христиандық емес екенін білгенің абзал.
Рим империясында көпқұдайшылдар өздері жартылай құдай жартылай адам деп табынатын Митраның туған күнін (Рождествосын) сән-салтанатпен атап өтетін болған. Олардың жалған діні бойынша Митра 25 желтоқсан күні бір үнгірде жануарлар арасында туған. Тура осы сияқты славяндар да христиан дінін қабылдаудан бұрын көп жалған құдайларының біреуі болған Коляданың Рождествосын тойлаған (олардың Рождествода айтатын әндері бүгін де «колядки» деп аталады). Ел арасында кең тараған бұл мерекені ығыстырып тастау үшін ІҮ-ғасырда бұрын сол Митраның бас табынушысы болған, кейіннен христиан дінін жаңадан қабылдаған Византия империясының императоры Константин 25-желтоқсанды Иисустың (Иса а.с.) туған күні деп жариялаған. Оған дейін Исаға тиісті бұндай атаулы күнді ешкім білмеген де, тойламаған да.

Көпқұдайшыл болған римдіктердің сенімі бойынша, егер адам өз үйіне лавр (үнемі жасыл болып өсетін ағаштың бір түрі) ағашын тігіп қойса, онда оның үйінен көктем кетпейді мыс. Сондықтан да олар сол ағашты өз үйлеріне әр қыс келген сайын тігіп қоятын болған. Герман тайпалары да солай істейтін болған, бірақ лаврдың орнына олар ель (шырша) ағашын тігетін болған. Көріп тұрғанымыздай, бұл да Иса (алехи салям) ға және оның Рождествосына қатысы жоқ .

Христиандарға ұқсау
Олар (Мейірімді Аллаһтың құлдары) өтірікке айғақ болмайды… (Құран кәрім, 25:72)
Бұл аяттың тафсирілерінің бірінде, басқа діндегілердің діни мерекелерінде болып қатысу туралы айтылған деп келтіріледі.
Бүгінгі күндерін ақтай келе, адамдар: «Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ», немесе «Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-шарап ішпейміз, тек қана дастарған жайып атап өтеміз)», - дейді. Көп жағдайда христиандардың Кітап иелері болғандықтан мұсылмандарға жақын екендігі де жиі айтылады. Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уассалямның: «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі», - дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы мүмкін?

Алланың елшісі (с.а.с.) айтқан екен: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер». 

Абзалын алайық
Егер Аллаһ бізге бір нәрсеге тыйым салса, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі (с.а.с) былай деді: «Аллаһ оларды сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Аллаһ тек қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал күндер деп атаған екен, ой-санасы түзу, Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам бұны қабылдайды да , қалғандарын тастайды.

Мусылмандар Аллаға иман келтірмегендердің мерекелерін тойлап, өз мерекелерін ұмытса, онда олар мұсылмандардың жамағатынан алыстап кетеді, және сол имансыздардың әлеміне жақын болады. Бірде-бір христианның, олар мұсылман мемлекетінде өмір сүріп жатса да, Құрбан айтты немесе Рамазан айтты атап өтіп жатқанын көрдіңіз дер ме? Ал не үшін біз – мұсылмандар, Аллаһтын дінінде екенімізді ұмытып, оларға ілесуіміз керек?

Бұл мерекені атап өтушілер өздерінің сөздерінде бұл мерекені олардың әкелері атап өткендігін, және олар сол ата дәстүрді жалғастырушылар екендігін жиі келтіреді. Бірақ Аллаһ оларға Құранда былай деп тікелей жауап береді:

"Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?” (Сонда да солардың жолымен жүре ме?) (Құран, 2:170) 

Бауырым, Аллаһқа және оның соңғы пайғамбарына иман келтірмегендер, біздің де соларға ұқсауымызды, Аллаһтың бекіткен заңдарына мойынсұнбауымызды қатты қалайтынын біл:

"Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалайды” (Құран, 4:89)

Тағы бір қасиетті аятында Аллаһ бізге былай деп әмір етеді:
"Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі”. (Құран,59:7)

Айналайын досым! Мүмкін сіз менің әкеммен үзеңкілес, немесе өзіммен қатар болмаса қара көз қарындасым, өкшемді басар інім шығарсыз. Тарихтың қай бетін парақтасаңызда арғысы сонау Абылайхан, Бөгенбайлар, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер мен бергісі Ыбырай мен Абайлар християндардың рождествосында үйіне шырша тігіп, балаларымен немерелерін: «Санта-клаус келеді, бізге сыйлық береді. Бір қолында шикалад, бір қолында мармелад», - деп алдамаған. Аллаһқа ғана шын тәуекел етіп, Одан ғана береке тілеуді үйреткен. Сондай ұлы иманды аталарымыздан имандылық пен ибалылықты, арлылық пен намысқойлықты үйренсек болмас па еді? 

Аллаһтың және Оның Елшісі бергенді алып, тыйым салғанынан тыйылайық!
Әлемдердің Раббысы, Аллаһқа мадақ, Аллаһтың елшілеріне Аллаһтың сәлемі және жарылқауы болсын!

Авторы: Әбдірахман МҮСЛІМ (тілші)

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 3684 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/7 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
07.Ақпан.2011
2. nurbol
Jaksy aitylgan

[пікірдің сілтемесі]
31.Қаңтар.2009
1. altynbek (altynbek)
arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0