|
|
 |
|
 |
Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 8
| Әлем жаңалықтары [562] ТМД, Европа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Араб әлемі және т.б. елдерден хабарлар... | ҚМДБ жаңалықтары. [67] "Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының" жаңалықтары, хаттамалары және қаулылары. | Білгім келген бір сұрақ.... [21] Сайтымызға келген хат қоржын.. | | Еліміздің соңғы жаңалықтары [460] Қазақ Елінің аймақтарынан келген соңғы діни және басқа да жаңалықтар бөлімі.... | Видео жаңалықтар бөлімі [16] Ғаламтордағы вебторабтардың видео жаңалықтары (қазақ, орыс, түрік және т.б. тілдерде) | Хабарландырулар, құттықтаулар [87] Еліміздің телеарналары мен радиотолықандарында берілетін мұсылманша діни бағдарламалар жайлы және басқа да мағлұматтар, құттықтаулар. | | ТМД жаңалықтары [70] Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше елдердің діни және басқа жаңалықтары. | Орта Азия жаңалықтары [14] Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан, түркімен елдерінен келген соңғы жаңалықтар бөлімі | Уағыз-насихат бөлімі [172] Аллаһ тағаланың құзырында қабыл болатын дін, тек Ислам ғана. | | Өзекті мәселе.... [326] Сіз бұған не дер едіңіз? Пікіріңіз құр қалмасын! | ҚазНеттегі діни сайттар [3] Бұл бетте ҚазНеттегі діни сайттар, жаңадан ашылған діни сайттар жайлы біле аласыздар.. | Асыл арна жаңалықтары [4] Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз.. | | Қазақстан және ИКҰ (ОИК) [4] Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады |
|
Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда | |
Соңғы кездері Оңтүстікте мешіттер саны көбейіп келеді. Ал таяуда Шымкенттегі Гагарин және «Ленинград» көшелерінің қиылысында пирамида пішінді ерекше мешіт пайда болды. Қасындағы азан шақыру мұнарасының көрінісі көкке өрлеген зымыранды көз алдыңа елестетеді. Мұндай жобаны дүниеге келтірген шымкенттік Дәуренбек Ахметов пен ол кісінің досы Амангелді Бердаш деген кісілер. Мешіттің іші кең әрі таза. Жамағат жиналып намаз оқығанда дыбыс күшейткішті керек етпейді, дауыстар жаңғырып шығады. Ішке жарық төбеге орнатылған пластикалық терезелерден түседі. Мешіттің сырты толықтай кераммогранитпен қапталып, ауланың сырты оюлы темір шарбақпен қоршалған. Қасында жас балаларды оқытатын медресенің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сол жерде жұмыс істеп жүрген бірнеше жігіт мешіт таяуда пайдалануға берілетіндігін... Жалғасын оқу »
|
|
|
Жыры мол болған санақтың соңғы сыры | |
Сонымен біз қаншамыз? 2009 жылғы ақпанда жүргізілген ұлттық халық санағынан басты күткеніміз – осы сұрақтың жауабы болатын. Нақтыланған ресми жауап сарылтып ұзақ күттірді. Тұп-тура 11 айдан кейін ғана негізгі көрсеткіштер жария етілді. Тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағының түпкілікті есебінше, Қазақстан тұрғындарының саны – 16 млн 4 мың 800 адам болған. Бұл – санақ жүргізілген 2009 жылғы ақпанның 24-інен 25-іне қараған түнгі 24.00 сағаттағы жағдай. Санақтың есеп-қисабын шығарғанша, тағы біраз уақыт зыр етіп өте шықты. Cтатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәліметінше, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 16 млн 196 мың 800 адамды құрады. Бұл – халық санағы нәтижелерін ескере отырып, нақтыланған ағымдағы дерек. Яғни... Жалғасын оқу »
|
|
|
Жат көзілдірік киген жігіттер немесе «Шайтанхананы» оқығаннан кейінгі ой | |
«Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік» демекші, егер біз (күллі адамзат) өлімнің бар екенін сезбесек, бұл өмірдің мағынасын түсінбес те едік. Дәл осы түсінбестіктен шығады, адам болған соң пендешілік белең алмай қоймайды. Оған шырмалып қалудан оңай нәрсе жоқ. Әйткенмен, пендешілік құр-сауынан құтылудың да жолы жоқ емес. Ол жол – хаққа бет бұру. Соңғы жылдары қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ болып, материалдық тұрғыда мерейіміз өсе түскенімен, кері-сінше, рухани тұнығымыз лайланып, имани болмысымызды кір шалуда. Әсіресе, қазақы менталитетімізге жат бей-әдеп қылықтар жанымызға қаяу түсіріп жүр. Жат діни ағымдардың жәдігөйлігі жұртымыздың жадын улап, тура жолдан тайдыруда. Мәселен, тобымызда бірге оқыған құрбымның бірі иегово куәгеріне айналып, бірі ... Жалғасын оқу »
|
|
| |
|
|