[20.10.2009.] Дінбасының сапары оңтүстікте жалғасты - 20 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:07
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 20 » [20.10.2009.] Дінбасының сапары оңтүстікте жалғасты


[20.10.2009.] Дінбасының сапары оңтүстікте жалғасты
20:52
17 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы іссапармен Шымкент қаласына келді. Дінбасыны облыс орталығына кіре берістегі қақпадан ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек пен бір топ зиялы қауым өкілдері күтіп алды. Арнайы көлікке жайғасқан бір топ қонақтар Түркістан қаласына аттанып кетті.
18 қазан күні Түркістан қаласы, Бабайқорған ауылдық округінде жаңадан салынған «Бабай» мешітінің ашылу рәсімі өтті. Мешіт ауылдың орталығында салынған, оның әсем де сәулетті ғимараты өзге мешіттерге ұқсамайтындығы байқалады. Мешіт шығыстық үлгіде салынған. Қабырғасы күйген қызыл кірпішпен қаланып, сырты мәрмәр таспен толық қапталған. Бір үлкен күмбезі, екі мұнарасы бар. Мешіттің алаңқайларына тас кілемдер төселген. Соның ішкі қабырғаларына қасиетті құран аяттары мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптері жазылған. Аллаһ үйінде бір мезгілде мыңға тарта намазхан ғибадат жасай алады.  
Мешіттің ресми ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет қатысты. 
Мешіттің салтанатты ашылу рәсімінде лентаны қиып, алғашқы сөзді алған Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет бұл мешіттің ертеңгі күні өркендеп келе жатқан еліміздің рухани тұрғыдан дамуына лайықты үлес қосатынын, өскелең жастардың бойына тәлім-тәрбие, имандылық қағидаттарын сіңіретін орын болатындығын қадап айтты. Жалпы, мешіт қызметі қандай болу керектігіне тоқталды. Сонымен бірге, мешітті салушы азамат Әшірбек Шерұлы Құрбанов мырзаға алғысын жеткізді. Соңында «Бабай» мешітінің кітапханасына қасиетті Құран Кәрімді силады.
Бұдан кейін бірқатар қонақтар мен жергілікті басшылар жұртшылықты мешіттің ашылуымен құттықтады. 
null
Кездесу барысында Дінбасы «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телеарналарымен т.б. БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Осы күні түс қайта Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Түркістан қаласындағы Әбдімәлік Әбдірайымов басқаратын «Түркістан» дайындық курсында болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Дайындық курсының оқу базасы толық заманауи тұрғыда жасалған. 100 шәкіртке арналған жатақхана мен асхана, ашық спорт алаңы, арнайы жәми мешіті, екі қабаттан тұратын оқу ғимараты бар курста дайындық жасауға толық мүмкіндіктер бар. Бір айта кетер мәселе, облыс орталығындағы «Шымкент медресесіне» шәкірттер дайындауда бұл дайындық курсының үлкен ықпалы болды. Дінбасы келесі жылдан бастап, бұл дайындық курсына «Түркістан медресесі» дәрежесі берілетіндігін айтып, қуанышты хабарды жеткізді.
Осы күні кешкісін Дінбасы облыс орталығы - Шымкент қаласындағы «Шымкент медресесінде» болып, жұмыстарымен танысты. Бас мүфти келесі жылдан бастап бұл медресені институтқа айналдыруға ұйғарым жасалғанын айтты.
19 қазан күні Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театрында болып, театр басшылығымен өнер саласындағы бірқатар мәселелерді әңгімелесті. Атап айтқанда, Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет пен Байғали Есеналиевтің бірлесе отырып жазған Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі жөніндегі пъесаның премьерасы ағымдағы жылғы 4 қараша күні қойылуы жоспарланып отыр.
Премьераны алдын ала пысықтау мақсатында Мұхаммед Хайдар Дулати туралы Ш.Айманов атындағы киностудиядан әзірленген деректі фильм тамашаланды. Фильмнің сенарийін Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі жазған. Фильмнен кейін Дінбасы көрермендерге М.Х.Дулати жөніндегі өзінің зерттеулерін айтып өтіп, жан-жақты әңгіме жүргізді.
Осы күні Шымкент әуежайынан Дінбасы Астанаға қаласына ұшып кетті.
ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі. ҚМДБ:

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 1050 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0