1. Мұсылман болу. Қажылық Ислам шариғатының амалы болғандықтан, оны орындайтын адам ең алдымен мұсылман болуы шарт.
2. Балиғатқа толу.
3. Ақыл-есі бүтін болу. Ғибадаттың кез келген түрінің парыз болуы үшін пенденің балиғат жасына толуы және ақыл есінің бүтін болуы шарт.
4. Азат болу. Қажылықты өтеу құлдарға, тұтқындарға, бас бостандығынан айырылғандарға парыз емес.
5. Қажылық амалдарын өтеуге денсаулығы жарамды және қаражатының жеткілікті болуы. Өйткені Аллаһ тағала қажылықты жағдайы жетіп, шамасы келетіндерге ғана парыз еткен. Аллаһ тағала: «Оның жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет», – деген («Әли Имран» сүресі, 97-аят).... Жалғасын оқу »
Кез келген құлшылықтың өзіндік артықшылықтары болатыны тәрізді қажылықтың да өзіне тән артықшылықтары мен пайдалары бар.
1. Пенде мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы сансыз сауапқа кенеледі.
2. Аллаһ қажылық ғибадатын орындаған пенденің өткен күнәларын кешіреді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә және жамандық істемей Аллаһ үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туғандай болып қайтады», – деп айтқанын естідім», – деген (әл-Бұхари). ... Жалғасын оқу »