[20.11.2009.] Бүгін тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты басталды - 20 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:14
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 982
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 20 » [20.11.2009.] Бүгін тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты басталды


[20.11.2009.] Бүгін тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты басталды
10:42
Қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. 
Тоғызқұмалақ үш рет 2006 жылы – Лондонда, 2008 және 2009 жылдары Чехияда дүниежүзілік зияткерлік олимпиаданың бағдарламасына енді. 
2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді.
 Шетелдегі қазақтар үшін Англияда /2009 ж./, Қытайда /2008 ж./, Түркияда /2007, 2008 ж./, Өзбекстанда /2009 ж./, Ресейде /2007-2008 жж./ бірнеше таныстырушылық шаралар, жарыстар ұйымдастырылды.
Тоғызқұмалақ тарихында тағы да бір тарихи маңызды оқиға болғалы отыр. Ол – 19-26 қазан аралығында Шымкент қаласында өтетін І Азияның ашық чемпионаты. Чемпионатты Халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті және Оңтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Жарысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Түркмения елдерінің ең таңдаулы спорт шеберлері қатысады деп күтілуде. Еліміздің құрамасында ерлер арасында Ғ.Темірбаев, А.Сейтжанов, С.Ақтаев, қыздар арасында Ә.Далиева, С.Сапарбекова, Д.Кенина, А.Такишевалар өнер көрсетеді. Жарыстың бас төрешісі  – жоғары дәрежелі ұлттық төреші – Жақсылық Тургамбаев  (Кентау, Қазақстан), Бас хатшысы – жоғары дәрежелі ұлттық төреші – Ануар Алабердов  (Черкесск, Ресей)
Бүгінгі күннің тағы бір маңызды оқиғасы 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын тіркеліп, www.iggamecenter.com – сайтында тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды. Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға  болады. Бұл туралы  www.9kumalak.kz сайтынан толығырақ біле аласыз.
www.iggamecenter.com 2007 жылы 10 маусымда Arty Sandler есімді азаматтың бастамасымен дүниеге келген дүниежүзілік интеллектуалды ойындардың шоғырланған жері. Өзінің бұл бастамасы туралы Arty былай дейді: «Одан бері көптеген жылдар өтті. Интернет дәуірінің басталуымен мен әлемдегі көптеген интеллектуалды ойындарды әр жерлерде интернет арқылы ойнап жүрдім. Кейіннен маған одан да өзімнің тұрақты ойнайтын ойын алаңымды жасасам деген ой келді. Осылайша мен өзімнің хоббиімді жандандырдым».
Тоғызқұмалақ ойыны мұнда 96-шы болып тіркелген. Мұндағы деректерге сүйене отырып, мынадай мағлұматтарға көз жеткізуге болады. Соңғы отыз күн ішінде ең танымал болған 82 ойынның тізімі берілген, тоғызқұмалақ рет саны бойынша екінші болып тұр. Ал соңғы жеті күнде ең танымал болған 54 ойынның ішінде тоғызқұмалақ бірінші орында.
 Бұл сайтқа әрбір адам тіркеліп қалаған ойынын ойнай алады. Тоғызқұмалақтың ойын терезесін ашу арқылы мынадай мүмкіндіктерге ие болуға болады: көп орын бөлінген оң жақ бөлігінде тақта, оның астыңғы жағында чат орналасқан. Осы чат арқылы қарсыласыңызбен және бақылаушы қонақтармен әңгімелесіп отыруға болады. Ал сол жақ бөлігінің үстінде ойналған ойынның жүрістері жазылып отырады. Одан төменгі пернелерді қолдану арқылы қаласаңыз сағат белгілеп ойнай аласыз. Осы жерде ойынның ережесімен танысуға болады. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі төрт тілде: орыс, ағылшын, неміс және португал тілдерінде берілген. Осы ереженің соңында ағылшын, португал, түрік тілдеріне аударылған ойынның тарихы, ережесі және кейбір турнирлердің суреттері мен тоғызқұмалақ туралы шыққан еңбектердің тізімі орналастырылған сілтеме бар.
Ақпарат алу үшін қауымдастықтың төрағасы – Алихан Байменовке (87017112378 - ұялы телефонына немесе baimenov@hotmail.com), атқарушы директоры Мақсат Шотаевқа  (87014267642 - ұялы телефонына немесе mshotay@mail.ru) және ақпарат бөлімінің жетекшісі Ы.Абдужаппаровқа (87015575406 - ұялы телефонына немесе irisbay@mail.ru) хабарласуға және www.9kumalak.kz сайтынан мәлімет алуға болады.
       ҚР Тоғызқұмалақ қауымдастығы
Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 1794 | Ендірген: salemkaz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0