[21.10.2009.] Фарах Пандитке қойылған сұрақтар - 21 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Бейсенбі, 24.Мамыр.2012, 16:01
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 688
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 21 » [21.10.2009.] Фарах Пандитке қойылған сұрақтар


[21.10.2009.] Фарах Пандитке қойылған сұрақтар
22:58
Исламға «экстремизмді» таңу әрекетін қалай тыюға болады?
«Жер жаһанда 1 млрд 400 млн мұсылман тұрады. Жердің түкпір-түкпірінде, Бразилия, Африка, тіпті Еуропада да сан алуан мұсылмандар бар. Және осыншама көп мұсылмандар арасында өзінің саяси мақсатын қуып жүрген азғана топ бар. Экстремистік идеология солардың қолынан шыққан, олар бұл мақсатта исламды қолданады.
Мен осы екі жыл ішінде әртүрлі қызметте жұмыс істедім, оның ішінде мұсылман қауымдастығымен де көп байланыс­тым. Менің мақсатым - Батыс елдеріндегі жас мұсылмандардың осындай «улы әсерге» қалай тойтарыс беретінін зерттеу. Бірақ бұл тәжірибе Батыс Еуропа елдерінен бөлек жерлерде тоқтап тұр. Мұнда айтарым - мұсылмандардың өздері мұндай кері әсерге тойтарыс беруі керек».

Діни экстремизммен күрестің ортақ тәсілі қандай?

«Шынын айтсам, экстремизммен күрестің ең тиімді жолы сол, егер де адамдар экстремистік бастамалардың жүзеге асып жатқанын көрсе, ол бұдан сол сәтте-ақ бас тартуы керек. Бұл істе жалпы күрестің ортақ тәсілі бар деуге болмас. Әрбір елдің сырттан келіп жатқан діндерге қатысты өз идеологиясы, көзқарасы бар. Көп нәрсе адамның әйел не еркек боп бөлінуіне, оның жасына, идеологиялық құралдарға да қатысты болса керек. Бұл тұста онымен күрес құралы да әр жерде әрқалай болмақ. 
Бір нәрсені айтқым келеді: егер біз жастардың рөліне келсек, онда келер ұрпақ бұған белсенді түрде қарсы тұруы тиіс. Өйткені олар да өз болашағының бұлыңғыр болмауын қалайды. Олар өздеріне қажетті дінді қабылдап, оңтайлы өмір сүруді қалағаны жөн. Ең бастысы, олар діни «идеологиялық удан» ада болғаны абзал. Біз жергілікті жерлердегі қарапайым адамдарға осы идеяларды жеткізу үшін өзіндік елші қызметін атқаруымыз керек».

АҚШ-та хиджаб киюге тыйым бар ма?
«АҚШ - дін бостандығына арқа сүйейтін мемлекет. Шіркеу мемлекеттен бөлектенген. Үкімет діни ұйымдардың қалай жұ­мыс істеп жатқанына қол сұға алмайды. Конституция әрбір адамның еркіндігі мен оның діни бостандығына кепілдік береді. Сіз көшеде ашық та жүре аласыз, бірақ қаласаңыз, хиджаб киініп жүре аласыз. Сол сияқты сақал қою-қоймау - өз еркіңіз. Бұған үкіметтің араласуға құқы жоқ».

Америка исламды қаншалықты құрметтейді?
«Менің баса айтқым келетіні, Америка бұрын да, бүгін де исламға жоғары құрметпен қарап келеді. Исламның АҚШ-қа келуінің тарихы тереңде жатыр, тіпті бұл кезең құл иеленуші заманына барып тіреледі. Біз исламды, өзге де діндерді жоғары бағалаймыз. Мен сізге бір тарихи фактіні жеткізгім келеді. Осыдан 100 жыл бұрын АҚШ-тың Тунистегі елшісі жергілікті билікпен тұңғыш мәміле жасады. Хиллари Клинтон президенттің әйелі, бірінші ханым болған тұсында Ақ үйде Айт мерекесін өткізіп, ауызашар берді. Біздің 250 жылдық тарихымыздағы әрбір президент исламды құрметтеумен келген. Президент Обама да Каирдегі сөзінде исламға деген ерекше құрметін білдірген еді. Біз дүниежүзіндегі мұсылмандармен қарым-қатынасымызда оларды әрқилы шараларға тартуға басымдық береміз. Тіпті АҚШ әкімшілігінде мұсылмандармен байланыс жөніндегі қызметтің пайда болуы - Батыстың ислам әлемімен қарым-қатынас орнатуға қаншалықты мүдделі екенін аңғартады».
Кәмшат ТАСБОЛАТ. Айқын. 15.10.09

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 798 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0