[21.12.2010.] Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды - 21 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
[21.12.2010.] Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды
04:16
Үстіміздегі жылғы 19 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Король Фахд атындағы Құран басып шығару баспа кешенінің Бас хатшысы доктор Мұхаммед Салим әл-Ауфимен Медина қаласында өткен кездесуі барысында Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мұхаммед Салим әл-Ауфи Жаратушы Алла Пайғамбарының қаласы - шұғылалы Мединадағы баспа кешенінің Құранды басып шығару бойынша жылдық тиражы 10 миллион дананы құрайтын әлемдегі ең ірі баспахана болып табылатындығын атап өтті. Король Фахд атындағы кешен 1984 жылдан бері Қасиетті Құран мен оның 55 тілдегі мағыналық аудармаларының 270 миллионға жуық данасын басып шығарған. Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету жылында сауд тарапы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына қазақ, орыс, ұйғыр, түрік, әзірбайжан және қырғыз тілдеріндегі мағыналық аудармаларымен Құранның жүздеген кітабын сыйға тарту жөнінде ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық жылы ретінде БҰҰ жариялаған 2010 жылдың соңында баспа кешенінің басшылығы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына кәріс, грек, неміс және болгар тілдеріне аударылған Құранның даналарын беру жөнінде шешім қабылдады. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.