[22.09.2009.] Пушкин де мұсылман ба? - 22 Сентября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:21
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2009 » Қыркүйек » 22 » [22.09.2009.] Пушкин де мұсылман ба?


[22.09.2009.] Пушкин де мұсылман ба?
19:59
«Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой мұсылман дінін қабылдаған» дейді. Біреулер мұсылман әлемін жырларына арқау еткен Пушкин мен Есенин де мұсылмандыққа өткен деседі. Бұл жөнінде нақты дерек бар ма?Нұрлыбек Қамбарұлы, Ақтөбе
Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкин де батыстың көптеген ақын-жазушылары сияқты шығыс тақырыбына қалам тербеген.
Ол шығармашылық жағынан кемеліне келер шағында қасиетті Құран сүресінің ырғағы мен сазын көңіл күйіне көшіріп, «Құранға еліктеу» атты 9 тараудан тұратын мазмұны терең өлеңдер топтамасын жазды. Ақын өз күнделігінде «Далалықтар сусыны – қымыз. Ол — көңіл хошы» деп жазған. Тарихи деректерге сүйенсек, Пушкин пәуескелетіп Орынборға келгенде әйгілі лингвист ғалым Владимир Даль оған жергілікті қазақтардың аузынан жазып алған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанын сыйға тартқан. Сол нұсқа әлі күнге Пушкин мұражайында бойтұмардай сақтаулы. Мұсылман әлеміне, жалпы, шығыс дүниесіне ерекше ықыласпен қарап, оны жырға қосқан ақын «Құранға еліктеу» өлеңінің түсініктемесін өз қолымен жазып отырып, «Сыйлық сүресінде: дінсіздер қасиетті кітапты көне мысалдар мен жаңа өтіріктердің құрандысы деп сандалады, ал өзім оған сенбеймін, бұл кітап ізет-үлфаттың тіл жетпес ұлы үлгісі» дегенді айтқан. Сондай-ақ орыстың тағы бір қайталанбас ақыны Сергей Есенин де шығармашылығының үлкен бір бөлігін шығыс әлеміне арнап, «Парсы әуендері» атты көлемді өлеңдер топтамасын жазған. Алайда бұл екі ақын да мұсылман дінін қабылдамаған. Ақпарат көзі..

Категориясы: Білгім келген бір сұрақ.... | Көрілді: 1157 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0