[22.10.2009.] Астана: азанды нақышына келтіріп шақыратын жезтаңдайлар байқауы өтті - 22 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:23
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 982
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 22 » [22.10.2009.] Астана: азанды нақышына келтіріп шақыратын жезтаңдайлар байқауы өтті


[22.10.2009.] Астана: азанды нақышына келтіріп шақыратын жезтаңдайлар байқауы өтті
17:15
Астанада алғаш рет азан айтудан сайыс өтті. Азан исламның бес парызының бірі - намазға шақыруды білдіреді. Рухани бәйгеге төрелік еткен қазылар азан шақыруды өз нақышына келтіре айтқан жезтаңдайларды сыннан өткізді. Мұндай байқау елімізде бұрын-соңды болмағандықтан, ұйымдастырушылар Түркиядан кәнігі ұстаздарды шақыртып отыр. Тақырыпты азанның кереметтеріне қанығып қайтқан тілшіміз жалғастырады. 
«Азан» сөзі араб тілінен тікелей аударғанда - «хабар беру», «білдіру» дегенді білдіреді. Ал терминдік мағынасы парыз намаздарының уақыттарын білдіру үшін айтылатын сөздердің жиынтығы. Жалпы Ислам тарихында алғашқы азанды Медине қаласында хазірет Біләл айтқан.
Азанның сөзі мен тәртібін алғашқыда 7 бірдей сахаба түсінде көріп, солардың айтуы арқылы өмірге келді. Содан бері жер бетінде азан бір сәтте айтылмай қалған емес. Азанның кереметтерінің бірі ретінде, айға алғаш барған адам - Нил Армстронг, азан дауысын көктен естіген екен. Алайда ол бұл дауыстың азан екенін 14 жыл өткеннен соң, Египетке барғанда білген. Бүгінгі шара азанның маңызы мен азаншының Исламда алар орнын насихаттауға арналып отыр.

Қалижан Заңқоев, «Нұр- Астана» мешітінің бас имамы:
- Бұған дейін Құран оқу секілді сайыстар өткіздік. Бірақ адам баласын жақсылыққа шақыратын, үлкен ғибадат - азан жайлы мәлімет аз. Түркияда жиі өткізіліп тұрады. Олар азанның әдемі үнін естіп, мешіттерге ағылып жатады.

Алғаш рет өтіп отырған рухани сайысты ұйымдастырушылар байқауды екі топқа бөліп өткізді. Біріншісінде еліміздегі мешіттерден келген 20 азаншы біліктіліктерін сынаса, екінші топта Азан шақыруға әуес 33 жас өзара жарысты. Олардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Астаналық Жұбаныш - азаншылардың ең кішісі. Жамағат алдында азан шақырып жүргеніне бір жыл болыпты.

Жұбаныш Жұмағалиев, жарысқа қатысушы:
- Азанның пайдасы мол. Мысалы, ашуланып тұрған адам азанды естігенде жақсы күйге түседі.

Бұл амал жамағатты намазға шақыру үшін айтылатындықтан, азаншыға қойылатын басты талаптың бірі - оның даусының зор болуы. Қазылар сайыскерлердің әдемі әуезімен қатар, оқу нақышын және азанның тарихынан да сұрақтар қойып отырды. Ұйымдастырушылар үміткерлерді бағалау үшін қазылар алқасына Анкара қаласының ең үздік азан шақырушысын шақырыпты.
Бұл сайыста жеңімпаз да анықталды. Мешіт қызметкерлері ішінде бас жүлде Шымкент қаласының азаншысы Әлім Ерімбетовке бұйырды. Ал жастардың ішінде Астана қалалық медресесінің студенті Серік Темірғалиев жезтаңдай - атанды. Қатысушылардың бәрі қошеметсіз қалған жоқ. www.ktk.kz

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 1027 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
22.Қазан.2009
1. Болат (shamshat)
takbir

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0