[22.10.2009.] Елімізде есірткімен теңдес шөп қоспалары интернет арқылы еркін сатылуда - 22 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 22 » [22.10.2009.] Елімізде есірткімен теңдес шөп қоспалары интернет арқылы еркін сатылуда


[22.10.2009.] Елімізде есірткімен теңдес шөп қоспалары интернет арқылы еркін сатылуда
00:24
Еркін сатылып жатқан өсімдік қоспалары немесе түсінікті тілмен айтсақ, шөптік “микстердің” әсері анашамен бірдей. Құрамында есірткі қатарына жататын заттар болғандықтан, жуырда ғана Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко шөптік “микстерді” сатуға тыйым салған болатын. Енді Голландияда өндірілетін бұл қоспа солтүстіктегі көршімізді айналып өтіп, Қазақстанға тасымалдануда. Әзірге шөптік “микстерге” біздің елде тыйым салынбаған және ғаламтор арқылы еркін саудаланып жатыр.
Интернетте шөптік “микстерден” алатын әсерің жайындағы жарнама бірінен-бірі өтеді. Тек сол ғаламтор бетіндегі телефон нөмірін терсеңіз жетіп жатыр. Мекен-жайға өздері әкеліп береді. Керек десеңіз, тауардың сертификатын да көрсетеді. 
Мұнда өсімдік қоспаларының түр-түрі бар. Жастар арасында танымал “микстер” – Спайс пен Джин да осында. Бағасы 2,5 мың теңгеден басталады. Және сайттың басты бетіне заңсыз тауар сатпаймыз деп жазып қойған. Бірақ неге екені белгісіз, клиенттермен кездесуді барынша құпия жүргізгілері келеді. «Егер полицияның қолына түссеңдер, бізге сілтеме жасаңдар» - дейді. 
Барлығы заңды дегенмен, тауардың сыртында не телефон нөмірі, не шығарушының мекен-жайы көрсетілмеген. Тек «құрамы шөптерден ғана тұратын еш зияны жоқ» деп жазылыпты. Бірақ мамандар оның құрамында есірткі іспеттес қоспалардың бар екенін анықтап отыр. 

Әсет Мәдиев, ҚР Әділет министрлігі, Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық зертхананың меңгерушісі: 
- Ресейдің бас санитарлық дәрігері Онищенко тыйым салған. Өйткені зерттеу кезінде шөптік қоспалардың құрамындағы кейбір заттар есірткіге ұқсас екендігі анықталды. Бірақ есірткінің қай түріне жататыны нақты айтылмаған. 

Шөптік қоспалардың құрамында табылған заттар марихуана мен анашаның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Және оған тез тәуелді болып қаласың. 
Кептірліген шөп сияқты, иісі де жағымды. Оны алғаш пайдаланған адам қызығып, мәңгі тәуелді болуға мәжбүр. Рахат өмірге жолдаманың құны - 2,5 теңгеден басталады. Бір орам 3 рет қолдануға жетеді. Қолданған адам 6 сағат бойы өзге әлемде жүргендей сезінеді. Есін жиған соң есеңгіреп қалады. 

Марс Берімбаев, нарколог-психотерапевт: 

- Тәуелділік пайда болады. Марихуана, анаша есірткі тобына енеді. Неге? Өйткені психологиялық тәуелділік пайда болады. Бұған да тәуелділік пайда болады. 

Бізге өсімдік қоспаларын сатқан жігіттер тауар Голландиядан Ресейге, ал Ресейден Қазақстанға жетеді деген. Мұндай “микстерге” Ресейде де, Еуропаның басқа да көптеген елдерінде тыйым салынған. Ал бізде сатылатын өсімдік қоспаларының құрамындағы заттар заңмен тыйым салынған есірткілердің тізімнен табылмады. Сараптамашылар “микстер” елімізге жаңадан әкелінгендіктен тізімге еніп үлгермеген шығар деседі. kaz.ktk.kz.
Суретте: Каннабиноид (Cannabis Sativa) халық арасында марихуана деген атпен танымал.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 957 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0