[22.10.2009.] Райымбек ауданында жаңа мешіт бой көтерді
00:22
Алматы облысының Райымбек ауданында иманды жұрттың көмегімен жаңа мешіт бой көтерді. “Мына жалғанда торғайдың ұясындай мешіт тұрғызсаң, о дүниеде саған сарай салынады”. Бұл хадисті берік ұсайтын азаматтар қаржы дағдарысы кезінде де жетерлік. Алматы облысының Райымбек ауданындағы Тегістік ауылында иманды жұрттың көмегімен жаңа мешіт бой көтерді. 280 жанұя тұратын кішігірім елдімекенде салынған 300 орындық мешіттегі алғаш оқылған намазға біздің тілшіміз де қатысып қайтты. Тегістік елдімекені Алматыдан 350 шақырым қашықтықта, еліміздің Қырғызстанмен шектесетін аймағында орналасқан. Бұл жердегі жамағат бұған дейін бұрынғы Мәдениет үйін мешіт ретінде пайдаланып келген болатын. Кіндік қаны осында тамған, бірақ кейіннен кәсіп қуып Астанаға көшкен Иманмәді Әбілғазиев осы ауылдың алғашқы тұрғыны болған әкесі діндәр адам екенін айтады. Сол кісінің құрметіне мешіт салуды ұйғарған ол барлық қүрылыс материалдарын, сәулетшісін де Бұқарадан арнайы шақыртқан екен.
Иманмәді Әбілғазиев, кәсіпкер: - Жылына бір рет осында келіп тұруға мүмкіндігіміз бар. Енді осында немере-шөберелерімізбен келіп, намаз оқып, Аллаға құлшылық етіп кетеміз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының есептеуінше, елімізде 3 мыңға жуық мешіт бар. Сондықтан бүгінде мешіт салудан бұрын діни сауат ашу мәселесі алғашқы кезекте. Аймақтық 7 медресе және жылына 30 адам дайындап шығатын бір университет де осы қажеттілікті өтей алмайды. Бас мүфти Әбсаттар қажы алдағы жылы тағы бір Ислам университеті ашылуы тиіс деп отыр.
Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: - Қазір имамдар жетпей жатыр, әсіресе білімді имамдар. Мына аймақтық медреселер - Оралда, Ақтөбеде, Шымкентте, Алматыда, Шамалғанда, Павлодарда, Астанада. Осылардың барлығы өздерінің аймақ-аймақтарына барады.
Жаңа мешіттің ашылу рәсімінде Бас мүфти бастаған жамағат салтанатты 2 рәкат намаз оқыды. Артынан ас беріліп, мәдени шаралармен жалғасын тапты. www.ktk.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.