Қызылорда облысының Әділет департаменті «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай «Рухани келісім – халық байлығы» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинарға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, облысымыздағы шешен, өзбек, кәріс этно-мәдени орталықтарының жетекшілері мен діни бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Іс-шарада ел Президентінің дінаралық келісімді орнықтыру мен нығайту мақсатындағы тарихи бастамасымен, әлемдік діндер мен конфессиялардың басшыларының қатысуымен 2003 жылдан бастап Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізіліп, діндер арасындағы қарым-қатынастардың құрылымын қалыптасып, жалпы адамзат алдында тұрған көкейкесті проблемаларды шешу бағытында нақты қадамдар жасалып жатқандығы аталып өтілді. Семинарда этно-мәдени орталықтарының жетекшілері елімізде дінаралық татулық пен ынтымақты нығайтып, ұлтаралық тұрақтылық қамтамасыз етуде атқарылып жатқан шараларды баяндай келе, біздің облысымызда діни ахуалдың тұрақтылығы біздің басты жемісіміз екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Президентіміздің сарабдал саясатының арқасында елімізде тыныштық орнап отырылғандығы айтылды. Семинар барысында қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, осы тектес шараларды жиі ұйымдастырып отыру қажеттігі туралы ұсыныстарын жеткізді. Қызылорда облысының Әділет департаменті.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.