[22.12.2010.] Кеше Алматыда мұсылман қолжазбалары мен артефактілерді сақтау мен қалпына келтіру мәселелері талқыланды - 22 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:26
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 22 » [22.12.2010.] Кеше Алматыда мұсылман қолжазбалары мен артефактілерді сақтау мен қалпына келтіру мәселелері талқыланды


[22.12.2010.] Кеше Алматыда мұсылман қолжазбалары мен артефактілерді сақтау мен қалпына келтіру мәселелері талқыланды
19:52
Кеше Алматыда Ұлттық кітапханада мұсылман қолжазбалары мен артефактілерін жинақтау, сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі мамандардың аймақтық кездесуі болып өтті.
«Кездесудің мақсаты - мұсылман қолжазбаларын зерттеу жөнінде тәжірибе алмасу, қазақстандық және маманданған мекемелер арасындағы әріптестік шеңберін кеңейту және сондай-ақ осы мәселемен айналысатын шетелдік орталықтармен қарым-қатынасты жандандыру болып табылады», - деді Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова.
Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алуымен мұсылман ескерткіштерін анықтау, зерттеу, санаққа алу және насихаттау секілді жұмыстар жандана түскен. «Сондықтан қазіргі уақытта ғылыми және практикалық мәні бар ең өзекті мәселе туындап отыр, ол - тікелей ұлттық кадрлерді дайындайтын мұсылман қолжазбаларының жалпыұлттық ортақ қорын құру мәселесі. Елімізде аса құнды мағлұматтарды, қолжазбаларды сақтайтын бірыңғай база болатын Қазақстандық орталық құру қажет», - деді Меруерт Әбусейітова.
Кездесуге қатысқан мамандардың пікірінше, Қазақстан мен Орталық Азия ғасырлар бойы ислам өркениетінің қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосып келеді. «Оған мемлекеттік қорлар мен жеке қорларда сақталған араб жазуымен жазылған қомақты мөлшердегі аса құнды жазбалар басты дәлел бола алады», - деді мамандар. Олардың айтуынша, қазақ, шағатай, түрік, араб және парсы тілдерінде жазылған бұл қолжазба ескерткіштерде Орталық Азия аймағының тарихы мен мәдениетіне қатысты аса құнды мағлұматтар сақталған. ҚазАқпарат.

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 448 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0