[23.09.2009.] Қажылыққа бірінші болып барған қазақ - 23 Сентября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:27
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2009 » Қыркүйек » 23 » [23.09.2009.] Қажылыққа бірінші болып барған қазақ


[23.09.2009.] Қажылыққа бірінші болып барған қазақ
15:51
«Алтынды Орда қонған жер» («Арыс» баспасы, 1994 жыл) атты кітапты оқып отырып, қазақ тарихында қажылыққа бірінші болып барған адамның табылуы мені қуантты. Ол кісі - Досжан Қошақұлы.
Досжан Қошақұлы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келіпті. Көрнекті діни қайраткер болыпты. XVIII ғасырдың 60-жылдарында. Ел ішінде мешіт ашып, жастарға діни дәріс беріпті. Ол 1791-92 жылдары Меккеге қажылыққа сапар шегеді. Қажылыққа келушілерді тіркеу басталғанда Құдайға құлшылық етушілердің тізімінде «қазақ» деген ел, бұл елден келген қажы болмай шығады. Содан Досжан Қошақұлына қажылық рәсімге рұқсат етілмейді. Себебі, қажылықа келген адам қай ұлттың өкілі екені мұқият тіркеліп отыратын көрінеді. Сондықтан да, қажылыққа келген адамның елін, оның ұлтын қадағалау - аса маңызды талаптардың бірі болыпты. Осыған байланысты «беймәлім» елден келген Д.Қошақұлы өзінің ұлтын куәландыруға тиісті екен. Содан не керек, Досжан елге қайта оралады. Өзінің қазақ ұлтынан екенін куәландыру үшін ол Қазан қаласына сапар шегеді. Сол қаланың бас мүфтиінен: «Қазақ деген ел бар. Мешіт ашып, Алла жолына құлшылық етіп отырған халық. Бірақ, жердің шалғайлығына байланысты бұл халықтан қажыға барған адамдар болмаған» деген мағынада «шатыр хат» алады. Әрі оны мұсылмандық мөрмен куәландырып береді. Сол хатпен Досжан Қошақұлы Мекенің қажылық сапарына қайтадан аттанады. Ол қазақ ұлты атынан тіркеліп және Мекеге барған қазақтар үшін қонақ үй салып береді.
Мұны біз «Алтынды орда қонған жер» атты кітапта жырау Ыбырай Кулбаевтың (110-бет):
- Табында талай асқан бар,
Дариядай тасқан бар.
Үй салдырған Меккеден
Қошақтың ұлы Досжан бар,- деген жырынан біліп отырмыз.
Шынында да, Досжан қажының еңбегі үлгі етуге тұрарлықтай емес пе?!
Мақсат НЫҒМЕТУЛЛАЕВ,
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы. «Жас Алаш».

Категориясы: Білгім келген бір сұрақ.... | Көрілді: 981 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0