[23.10.2009.] “Дианетика” орталығымен тығыз байланыста болған деп айыпталуда
21:37
Бүгін Павлодарда “Нарконон” әлеуметтік-оңалту орталығының жетекшісіне қатысты сот отырысы басталды. Ол есірткіге тәуелді адамдарды заңсыз емдеді және саентология - діни ағымын үгіттейтін “Дианетика” орталығымен тығыз байланыста болған деп айыпталуда. Полицейлер “Нарконон” орталығына тексеру жүргізу барысында саентология шіркеуіне қатысты көптеген діни әдебиеттер мен әрбір науқасқа қатысты мыңға жуық құжат тапты. Сондай-ақ елімізде пайдалануға тыйым салынған дәрі-дәрмектердің 200 қаптамасы тәркіленді. Дегенмен тергеушілер орталықтың сайентологтармен қатысы барын дәлелдей алмаған. “Нарконон” орталығының жетекшісі сот алдында тек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін жауап береді. Орталық арнайы лицензиясыз жұмыс істеп, емдеу курстарынан түскен қаржыны есірткі мен алкогольді ішімдікке тәуелді адамдардың берген қайырымдылығы ретінде рәсімдеген. Осылайша 4-5 айдың ішінде қоғамдық қордың басшылары 6 миллион теңгені қалтасына басқан. Ал айыпталушының қорғаушылары болса, тәртіп сақшыларын қылмыстық істі бұрмалады деп айыптауда.
Татьяна Тарханова, айыпталушының қорғаушысы: - Менің ойымша, Евгения Тархановаға тағылған айып ойдан шығарылған. Іс жүргізу барысында Қылмыстық кодекске қайшы көптеген заңбұзушылықтар жіберілген. Сондықтан оларды дәлел ретінде негізсіз деп табу жөнінде өтініш хат жаздым. http://kaz.ktk.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.