[24.10.2009.] Рухани келісім күніне байланысты ШҚО облыс әкімінің кездесуі
13:03
2009 жылғы 20 қазанда Рухани келісім күніне байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының діни конфессиялары өкілдерімен кездесуі өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылғы 18 қазан - Рухани келісім күні деп белгіленген болатын. Содан бері бұл еліміздің өмірінде маңызды мерекелердің бірі ретінде аталып келеді. Бүгінгі кездесуіміз осы мереке аясында, елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтау мәселелерін ортаға салу үшін ұйымдастырылып отыр.» - деген сөздерімен облыс басшысы Б. Сапарбаев кездесудің өткізілу мақсатын ашып көрсетті. Кездесу қатысушыларының қатарына облыста кең тараған ислам, православие, иудаизм бағыттарындағы дәстүрлі діндердің, сонымен қатар, католицизм, протестантизм және дәстүрлі емес діндердің өкілдері кірді. Діни конфессиялардың өкілдерінен басқа кездесуге құрметті қонақтар ретінде ақсақалдар кеңесінің мүшелері де, қоғамдық бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың өкілдері де шақырылды. Облыс әкімі бастаған келесі сөз кезегінің жалғасын ислам дінінің өкілі, Семей өңірінің бас имамы Мырзаев Тныштық Яхияұлы, содан кейін православие дінінің өкілі, Өскемен өңірі бойынша орыс православие шіркеулерінің басты өкілі Митрофан әкей, католиктік шіркеуінің өкілі Збарански Катарина және иудаизм дінінің өкілі Лебедев Владимир Викторович тапқызды. Кездесуге келген дін өкілдері мен қонақтар шын жүрегінен айтылған, кіршіксіз таза ниеттерімен көкейлерінде жүрген сұрақтармен бөлісті. Кездесуге қатысқан діни конфессиялардың өкілдері Шығыс Қазақстан облысының діндар адамдарына арналған үндеулерінде келесі шешімдерді қабылдады: - жалпы адам құндылықтарын қабылдауды қамтамассыз ете тұра, халқымыз арасында, ең алдымен жастар арасында дінаралық төзімділікті таратуға мүмкіндік туғызу; - біздің облысымызда бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты нығайту үшін, сонымен бірге, әр түрлі діни қоғамдастықтар арасындағы түйінді мәселелердің алдын алуға және шешуге бірлескен үлес қосу мақсатында байланысты нығайту үшін біздің діни бірлестіктердің рухани ықпалы мен қорын пайдалану. Сондықтан, Қазақстандағы әлеумет-экономикалық түйінді мәселелерді ойдағыдай шешу үшін, бүгінгі күні барлық шығысқазақстандықтар арасында, олардың ұлттары және діни сенімдерінің ерекшелігіне қарамастан, өзара түсінушілік, рухани келісім, төзімділік және тағы да төзімділік керек. Ал бастысы, егерде әркім өзінің қылықтарында, іс-әрекетінде қасиетті жазбаларындағы бейбітшілікке шақыратын сөздерін басшылыққа алса, біз барлық алдағы қиыншылықтарды жеңіп шығамыз. Мұсылмандар мен православиеліктер, католиктер мен баптистер, лютерандар және адвентистер, кришнаиттар, т.б. – Шығыс Қазақстан облысының барлық діндар адамдары да, дінді қабылдамайтын адамдары да ұлттық және діни сенім белгілеріне қармастан еңбекте де, мейрамдарда да, қуаныштарда да, қайғыларда да бірге болса, өйткені, барлығымыз бір жоғарыдан белгіленген бір Жерде тұрамыз, Қазақстан Республикасы деп аталатын бір Отанда тұрамыз.
ШҚО Әділет департаменті Діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы Жомарт Сейтқанов 2009 жылғы 21 қазан
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.