Қазанның 6-шы жұлдызында Жамбыл облысы, Тараз
қаласында діни білімді ұрпақты бастайын жаңа медресе ғимаратының ашылу
салтанаты болып, сәрсенбінің сәтті күнінде пайдалануға берілді. Айтулы мерекеге
жер-жерден қонақтар келіп қатысып, аталмыш медресенің ашылуына дән риза болды. Медресе
көпшілік ықыласының бастамасымен, облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың
демеушілігімен салынған болатын. Бұл үшін оған Аллаһтың нұры жаусын деген исі
мұсылман қауымының ізгі тілектері көптеп болды. Ел игілігіне пайдалануға
берілген медресенің салтанатты ашылуына арнайы Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет келіп
қатысып, қалың көпшілікке деген құттықтау сөзінде:
«Бүгінгі мерейі үстем болған қуанышымызды
Алла Тағала ұзағынан сүйіндірсін! Соңғы кездері Қазақстанымызда оның ішінде
Тараз жерінде де үлкен үлкен қуаныштар болып жатқан жағдайлары бар. Өздеріңізге
белгілі бір жақсылық екінші жақсылыққа ұласып, келесі жылы Қазақстан 57 ел мүше
ислам конференциясы ұйымына да төраға болайын деп отыр. Бұл да болса еліміздің
қарқынды, белсенді, жан-жақты дамып келе жатқанының айғағы. Қазақтың жолы
исламның ғылым, білім жолы. Міне осы ғана қазақтың жолы. Біз сонда ғана көптеген
жетістіктерге жетеміз. Тараз жері руханиятқа бай ел, жер. Бірқатар атақты
ғұламалар бұл жерден жайдан жай шыққан жоқ. Әрі бұл жерден талай ғұламалар
шығады. «Құрғақ жерге шөп шықпайды» дейді. Бұл тегіннен тегін жер емес. Тараз –
тарихи өлке. Бүгінгідей медреселеріміз көбейе берсін. Алдағы уақытта осы
өңірдегі имамдарымызға тапсырма: «халқын сүйетін, дінін сүйетін, халқын дұрыс
жолға бастайтын кадрлар дайындауымыз керек. Қазіргі кездегі уахабизм, салафизм
секілді ағымдарды алдын ала жоятын азаматтарымыз көптеп керек. Сондықтан да осы
нәрсені алға мақсат етіп, негіз етуіміз
алу керек. Елбасымыз да қарап отырмай осыған байланысты көптеген көмектер
көрсетіп жатыр. Ең бірінші Алла Тағала біздерге ынтымақ берсін, ауыз бірлік
берсін, фитнадан сақтасын. Білімді, парасатты, халқын дұрыс жолға жетелейтін
азаматтар көбейе берсін. Мәртебесі биік бүгінгі тойымыз құтты болсын!» –
деген ізгі ниетін жеткізді. Артынша медресенің лентасы қиылып, дәстүр бойынша
шашу шашылып, медресе кілті табыс етілді.
Медресенің
ашылу салтанатынан кейін салтанатқа қатысқалы келген қалың жұрт, мейрамханада
жасалған арнайы дастарханға жайғасты. Дастархан дәмінен кейін ҚМДБ-ның Жамбыл
облысындағы өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек құран оқып, Дінбасы оқылған
Құранды бағыштап, жиналған жамағатқа ақ батасын берді. "ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі"
|