[24.10.2010.] Таразда медресе ашылды. - 24 Октября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:36
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 24 » [24.10.2010.] Таразда медресе ашылды.


[24.10.2010.] Таразда медресе ашылды.
13:37
Асыл дініміз - Исламның күллі жер бетіне жіберіліп, адам баласын ізгілікке, имандылыққа шақырып келе жатқанына 14 ғасырдан астам уақыт өтті. Осы аралықта Аллаһ тағаланы танып, иман келтіруші қаншама мұсылман ғұмыр кешті десеңізші. Сол тұстардан бері Аллаһты бір, пайғамбарды хақ деп танып келе жатқан адамзат баласының мәңгілік дүниеден өзіне лайықты орын дайындағаны анық.
Қазіргі таңда еліміздегі жалпы жұртшылықтың қасиетті дінімізге деген ерекше бетбұрысы байқалады. Бұған елімізде беріліп отырған діни сенім бостандығынан бөлек, ел ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүргізіп отырған жарқын жұмыстары дәлел бола алады.
Бүгінде еліміздегі үлкенді-кішілі мешіттердің саны екі жарым мыңға жуықтады. Ал барлық жағынан жан-жақты қамтамасыз етілген медреселердің саны 7-у болатын. Күні кеше ғана киелі Әулиеата жерінде 8-ші болып, бұған тағы бір медресе іске қосылды.
Құрылысы 2007 жылы басталған медресе алдағы кезеңде облыс көлемінде ғана емес, бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін шәкірттерге қызмет көрсететін болады. Құрылыстың негізгі демеушісі Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев болды. Бұл үшін оған Аллаһтың нұры жаусын дейміз.
Медресенің ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет ағымдағы жылдың  6 – қазан күні арнайы қатысып, жергілікті жамағаттың қуанышына ортақтасып, құттықтау сөз сөйледі. Дінбасымыз медресенің жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Заманауи талаптарға сай медресе 14 бөлмеден тұрады. Оның ішінде медресе директоры мен ұстаздардың бөлмелері, мультимедиялық кітапхана, мәжіліс залы, сүндетке отырғызу бөлмесі, қонақ бөлмесі, асхана, неке қию залы, әйелдер мен ер кісілерге арналған намазхана бөлмелері, дәріс аудиториялары, т.б. бөлмелер бар. Медресе бір мезгілде 70 шәкіртке қызмет көрсете алады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек жаңадан ашылып отырған  медресе жөніндегі ойын былайша өрбітеді: «Бүгінгі таңда облысымызда медресенің ашылуы бүкіл Әулиеата өңірінің ғана емес, еліміздегі күллі мұсылман қауымының үлкен қуаныштарының бірі болып отыр. Бұл медресе, Құдай қаласа Жамбыл облысының діни кадрларын өзі дайындап, өзі қамтамасыз ететін болады. Медресе – көпшілікке ыңғайлы, жақын маңда қаланың қақ ортасында орналасқан, тоғыз жолдың торабынан орын алған. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) аманат етілген дінімізді осы медреседен шыққан шәкірттердің алдағы уақытта бүкіл елге, дүйім жұртқа лайықты тұрғыда жеткізетіндігіне сенім мол».
Жалпы, жұртшылықты, әсіресе жастар өкілдерін имандылық қағидаттарына баулып, ізгілікке шақыруда бұл медресе орнының ерекше болатындығы сөзсіз. 
 
Руслан Абдуллаев,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының орынбасары,
облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 262 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0