Қазнетте қазақ тілді сайттар көбейсе өз басым қуанамын. Қазақ тілді интернет оқырманының көбейгені жақсы. Қазақ тілді сайттарға сұраныстар, қазақ тілді оқырман болса ғана арта түспек. Менің бұл ретте айтайын дегенім, сол сайттардың ішінде көшіргіштер пайда болып жатыр. Бір адам бірнеше күн мақала жазады, ізденеді. Оны бір сайт алады да көшіріп қояды. Кейде авторында жазбайды. Авторын жазсада мақаланың алынған жері немесе сілтемесі жазылмайды.
www.islamdini.ru сайты туралы айтайын деп едім. Аталмыш сайттан өзімнің жазған бірнеше мақалаларымды көрдім. Пікір ретінде сілтемесін жазсаңыз дұрыс болар деп жазып кеттім. Сайт админіне хат жаздым. Өкінішке орай ешқандай жауап келмеді.
Сайттың басқа беттеріне көп кірмейтін едім. Бір күні «Мақсатымыз» деген бетіне кірсем «ужас» таң қалдым. Түсінікті болу үшін Дінислам сайты жайлы айта кетейін. ДінИслам сайтын 2008 жылы іске қостық. Ол жылдары сайт ашудан тәжірибеміз жоқ болатын. Әйтеуір алға қойған мақсатымызды жақсылап біліп алайық деп, бірнеше күн мақсатымды, жоспарымды түздім. Ол төмендегідей болатын:
Біздің алға қойған мақсатымыз:
1. Ұлы Құранға және Пайғамбарымыздың с.а.с. сүннетіне сүйену және Құран мен сүннеттің түсінігіне негізделу, ғалымдар мен мазхаб имамдарының ұстанған жолымен жүру. Атап айтқанда, Орта Азия мен Қазақстан халқының ұстанған мазхабы, Абу Ханифа Нуъман бин Сәбиттің мазхабын үйрету, сонымен жүру.
2. Мұсылмандардың өміріне шіріктен болған амалдарды тазалау, қайтарылған бидъаттан, ішкі жаман пікірлерден аулақ болуын ескерту, жалған риуаяттарды, ойдан шығарылған хадистерді ажырта білу. Аллаһ тағаланың мына аятын іске асыра отырып амал қылу: «Тақуалық пен жақсылық қылуда бір-біріңе жәрдем беріңдер, күнә және дұшпандықпен жәрдем бермеңдер»
3. Мұсылмандарды өздерінің хақиқи дініне тәрбиелеу. Осы діннің үкімдерін амал қылуға, оларды шақыру. Оның әдептерімен, артықшылықтарымен көркемделу. Олар үшін бақытты, Аллаһтың разылығын өз мойнына жауапкершілікке алған, оларға бір жеңісті ақиқатқа шығарған, қасіретке жолығудан бөліп алған бір топты Құранның сипаттағандығын ақиқатқа шығара отырып, Құранның мына аятына амал қыламыз: «Бір-біріңе ақиқатпен өсиет етіңдер, бір-біріңе сабырлылықты өсиет етіңдер».
4. Құран мен сүннеттің нұрымен, тура болған Ислами ілім жолын тірілту. Алдыңғы өткен үмметтің жолымен жүру. Көптеген мұсылмандардың ақылдарына басшылық қылушы хизб яғни адасып жүрген топтардың шырмауынан сақтандыру. Аллаһ тағаланың аятын амалға асыра отырып, таза, кіршіксіз мұсылмандық бауырмашылықтан алыстап кетуден сақтандыру. «Аллаһтың арқанын барлығың ұстаныңдар, фирқа болып бөлініп кетпеңдер» Пайғамбарымыз с.а.с. хадисінде былай дейді: «Бір-біріңе бауыр әрі Аллаһтың құлдары болыңдар».
5. Адамдарды өздерінің басшыларына, әкімдеріне егер ол әкімдер зұлымдық қылған болса да, қарсы шығудан, қарсы сөздер айтудан сақтандыру. Олардың кемшіліктерін, айыптарын минбарларда және басқа жерлерде, адамдардың араларында айтудан сақтандыру, себебі бұл нәрсе алдыңғы үмметтердің, сахабалардың, сәләф-солихтердің жолдарына қарама-қайшы келеді. Пайғамбарымыз с.а.с. хадисінде былай дейді: «Кімде кім бір сұлтанды яғни басшыға насихат қылуды қаласа, оның ашық қылып, яғни адамдардың арасында оның айыбын ашпасын. Оның жанына барып насихат қылсын. Егер ол насихатты тыңдаса өзі үшін, егер тыңдамаса ол өз мойнындағы қарызынан құтылды» хадис сахих.
6. Пайғамбардың с.а.с. жолымен жүретін ислами жолды бастау. Аллаһ тағаланы «жалғыз» дейтін қоғамды құру. Аллаһтың үкімін жер жүзінде іске асыру. Міне осы біздің мақсатымыз және дағуатымыз. Мұсылмандырдың барлығын бізге жәрдем беруге, оларды аяққа тұрғызатын аманатты көтеруге шақырамыз. Аллаһтың жәрдеміне арқа сүйеніп әрі салих пенделеріне жерді мекем қылғандығына сене отырып, ақиқиқи бауырмашылықпен Батыс пен Шығыста Ислам туын көтеруге шақырамыз.
«Ұлылық Алла үшін және Оның пайғамбары үшін, және момындар үшін» «Ол сондай, мүшріктер жек көрсе де, елшісін һидаятпен, хақиқи дінді басқа барлық діндердің үстінде көрсету үшін жіберді»
Осы алға қойған мақсатымды басқа бір сайт тура осы күйінді көшіріп жазуы үш ұйықтасам түсіме кіреді деп ойламаған едім. Міне тамаша, мына сілтеме http://www.islamdini.ru/index/0-2 бойынша менің бірнеше күндік жазған жазуым жазылып тұр. Ең өкініштісі асатыңғы жағына «Ізгі тілекпен: "Ислам-Діні" - діни сайтының әкімшілігі» деп жазып қойыпты.
Өздерін діни сайт деп атаған соң артық сөзге немесе іске кетуге ұят екен. Осы жазудан соң мақсаттарын басқаша жазып шығар деген үміттемін. Дәлел ретінде сайттың бетін сурет ретінде берейін.
Иман-адамнын шынаиы келбети, ен жаксы арекет пайгамбардын суннети, болады жолында али кедерги, кедергини жену тек озиннин колыннан келеди, ля Илаха ил Аллах ен абзалы иманнын, айыра бил бауырым адасканмен жолын мусылманнын, Улы АЛлах болар сенин корганыn.Ануар
Islamdini.ru-ға жауап... Кері байланыс арқылы жаздым. Поштаңызға келген болу керек жақсылап қарағаныңыз дұрыс. Мен islam.com.kz сайтыныңда админімін. Сол сайт арқылы да гипер-сілтеме қойылу керектігі ескертілген. Егер мен жазған хытты оқымаған болсаңыз, кешірім өтінем мен кәнілі емес шығармын. Мен сізге майл.ру арқылы агентпенде хат жаздым. Дінислам сайтынанмын деп жауап келмеді. Сізді сендіру қиын шығар.
Сосын мен мақала жайында сөз қылған жоқпын. Мақалада автор кей жерінде бар кей жерінде жоқ, бірақ көпшілігінде сілтеме жоқ.
Ең бастысы мен алға қойған мақсатымды өз қолыммен, бірнеше күн жаздым. Бірақ менің жазған мақсатымды сіздің көшіріп алып, өз сайтыңыздың атынан жазып қояға ақыңыз жоқ еді. Жоғарыдағы мақалада сол жайлы.
Өз мақсатыңызды жазып, сайтыңыздағы жазуларды өзгертіп қойыңыз...
меннің агент арқылы жазған хатымның, архиві бар, сурет ретінде сайтқа жарялаймын, болмаса жарияламас бұрын хабарласыңыз... сізге хат жазбастан мақаланы жазған жоқпын...
Сосын өтініш емес, "Мақсатымыз" деген жерді өзгертіңіз, және әр алынған мақалаға алынған жерін, міндетті түрде гипер-ссылкасын жасаңыз.
Олай болмаса тиісті жерге шағымдануға тура келеді.
Assalamuagalikum! Dinislam.kz! Kalynyz kalai? Negizi balenin bari otirikten bastalady goi! Siz magan ewkandai hat jazbadynyz goi? Hat jazyp eskerttim degeniniz kalai? Musylman musylmannyn ainasy deidi goi negizi kateni ozime jazganynyz abzal edi! Birak osynwama jazyp koigan ekensiz jaraidy... Menin saitymnyn koldanuwylarynyn kobisi biledi negizi men sizdin saittan gana emes islam.com.kz jane muftyat.kz saittarynan da alamyn! Menin saitym bir mewittin saity bolmagandyktan men makalalardy jane dini janalyktardy sizderdin saittarynyzdan alyp jurmin! Eger alma deseniz almsata edim mundai bir betti toltyryp aitatyndai narse emes dep oilaganmyn! Negizi siz namazhan bauyr bolsanyz aitain keleside men si9kty adam baska sait awyp sizdin saittan akparat alyp jatsa bundai 1 bettin kajeti jok dep oilaim! Karap tursanyz baska saittar si9kty men kino, muzika kylyp haram narse taratyatyn sait awkan jokpyn dini Islam dininin saityn awtym osygan sizdin ornynyzda bolsam katty kuanar edim jane Alladan duga eter edim! Avtor jazbaidy depsiz avtor arkezde jazyp jurmin kide baikamai kaldyryp ketpesem! Al silteme uwin dunielik narse uwin osynwama narse jazu artyktau narse wygar! Karap tursanyz Kaznette dini saittar az jane ote az solardyn sany kobise kuanynyzsiw jane bir birimizge kuie jakkanymyz jaraspas odanda siz maksatymyz degen jerde jazypsyz goi «Тақуалық пен жақсылық қылуда бір-біріңе жәрдем беріңдер, күнә және дұшпандықпен жәрдем бермеңдер» degen aiyatty keltiripsiz INwaAlla amal jasaik sogan! Kaitalap aitain Eger siz magan maksatymyz degendi ketirip tasta deseniz ketirip tastain inwaAlla! onda turgan ewtene jokkoi! Magan muftyat.kz saitynan agamyz gana osy takyrypta jazdy avtorlardy siltemelerdi koiyp jur dep, men ol kisige aittym eger sizdin saittagy janalyktyn astynda siz oziniz silteme jazyp otsanyz mende dal solai kowire koyamyn dep! Ol aga mawaAlla dunielik narse uwin silteme koimady eken dep osynwama is jasamap edi! Men internet klubtan otyram uiimde internet jok bolgandyktan mumkindiginwe 1 sagatta kop narse engizip ketkim keledi! Ar salgan akparatyyn astyna siltemeni anany mynany kolmen jazyp otsam biraz uakyt ketedi! Eger siz dinislam.kz saitynan ewtene kowirme deseniz aitynyz men mulde umytain sizdin saitynyzdy! Kezinde koldanuwy boldymda sizdin saitta dini saittar az bolgandyktan akparattardy sizdin jane baskada orys tildi saittardan alyp ozim sait awkym keldi jane ogan jettim Allanyn kalauymen! Eger menin tagy katelkterim bolsa kewiriniz Alla razylygy uwin! Birak jeke jazganynyz abzal bolar! Menin adressim nurjan0007@mail.ru! Musylmanbyz dep otyryp bir birimizdi maskaralau bizge jaraspas! Myna sozderiniz mulde musylmandykka jaraspaz (Қанша рет ескертілді, тыңдамаған соң, мақала ретінде жазуға тура келді. Артық кетсем кешіріңдер...) sizdin tarapynyzdan ewkandai eskertu nemese hat kelmedi! Alla razy bolsyn sizge! Jumystarynyzga bereke bersin! Tagyda aitam katelessem kewiriniz! Birak eskertip aitarsyzdar! Assalamuagalikum ua rahmatullahi ua baraktuh!
Негізі сенің бұны көрсетіп жазғанын дұрыс, бірақ оқыған кезде құлаққа бір т.түрлі естіледі. Мәтінің тамаша, бірақ ол ескерту сіз және сіздер сияқты модераторлар үшін емес пе. Одан да Facebook, Twitter - га сілтеме жасап қойганын біздер үшін жақсы болар еді. Ізгі ниетпен, Жақсы модератор, жақсы сайттың модераторы, жұмысын, істеген еңбегіне байланысты ой пікірін тұжырмдайды.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.