Бүгіндері жастардың көбі Интернет желісін пайдаланады. Одан уағыз тыңдайды. Онда айтылған әр түрлі көқарастағы діни пікірлерді талғамай-екшемей саналарына құйып алады. Міне, сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «muftyat.kz» сайты арқылы қазақ тілінде, ал Алматы қаласы орталық мешітіне қарасты «meshеt.kz» сайтында орыс тілінде уағыз-насихат таратуы республика тұрғындары үшін өте тиімді және пайдалы мүмкіндік болды. Бұл сайттардан намаз уақыттарынан бастап, күнделікті болып жатқан жаңалықтар, ақпараттар, аудио, видео уағыздар, намаз тәртібі, тіпті мазмұны терең термелерге дейін табуға болады. Бұл сайттарға тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінен азаматтар кіріп, іздеген діни материалдарын табуда. Осылайша жастарымыздың шетелден келетін ақпараттарға уланып, жат ағымдардың ықпалына түсіп қалмауына жағдай жасап отыр. Онда шариғат пен интернетті қатар меңгерген мамандарымыз жұмыс жасайды.
Сайттарымызға тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінен азаматтар кіріп, қажетті діни материалдарды тауып жататынын айтқан жөн. Сайт беттері ашылуының алғашқы айларынан бастап оған қосылушылар Ислам дініне қатысты сұрақтарды жаңбырдай жаудырып, оған тиісінше жауаптар алып, қызу үнқатысулар жалғасуда.
Алматы қалалық Орталық мешітінің «Meshet.kz» сайты халықаралық «Золотая путина» интернет сайттарының «Рухани ағарту саласындағы үздік сайт» номинациясы бойынша жыл қорытындысында ең көп ұпай жинап, жеңімпаз деп танылды. Қазақстандық Ислам дінінің насихаты кезекті жеңіске қол жеткізді. Бұл жолы халықаралық деңгейде мерейіміз асқақтады. Алматы қалалық Орталық мешітінің «www.meshet.kz» порталының дүниеге келгеніне небәрі екінші жыл. Осыған қарамастан, былтыр «Қоғамдық ұйымның үздік Интернет-өкілдігі» номинациясы бойынша жеңмпаз атанып, республикалық дәрежедегі дипломға ие болған еді. Оның «Азан» порталы да бірінші орынды алды.
Бүгінгі уақыт талабына сай техника мен ғылым жетістіктерін дін насихатына тиімді пайдалану өз жемісін беруде. Бұл күндері еліміздің бірқатар облыстық және қалалық мешіттерінің сайттары қазақ және орыс тілдерінде діни-танымдық материалдарды өз қолданушыларымен тығыз байланыста үгіт-насихат жұмыстарын барынша жандандыру үстінде. Оңғар ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы.
http://muftyat.kz/3479-meshet.kz-sajjty-khaly1178araly1178-zolotaja.html
|