[25.09.2009.] Әйелдің мешітке баруы міндетті ме? - 25 Сентября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:38
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2174
 

Негізгі бет » 2009 » Қыркүйек » 25 » [25.09.2009.] Әйелдің мешітке баруы міндетті ме?


[25.09.2009.] Әйелдің мешітке баруы міндетті ме?
17:56
Сұрақ: Жұма күндері мешітке барып тұрамын. Бес уақыт намаз оқымасам да мешітке кіргенде дұғамды жасап, басымды сәждеге тигізіп бар көңіл-ниетіммен Аллаһқа жақындасам деген ойда боламын. Әйелдер бөлмесіне жұма күндері мұсылман апайлар мен қыздар көп жиналады екен. Бірақ сол әйелдердің бір-бірімен орынға таласып, ұрсысып қалатындары бар. Тіпті, сырт киімдері мен аяқ киімдерін кіре беріске тастамай, өзімен (төрге шықса да) қолымен ұстап жанына қоя салатын да апайларымыз бар екен. Сосын мешітке жасанып барудың не қажеті бар? Меніңше, көп әйелдер мешітке Аллаһқа жалбарынайын деп емес, керісінше, киген киімі мен өзін көрсетуге келетін секілді. Жалпы, әйелдерге мешітке барып намаз оқу міндет пе? Мұның жөнін айтсаңыздар екен? Майра, Алматы қаласы.

Жауап: Аллаһ тағала ниетіңізді қабыл етіп, өзінің сүйікті құлдарының қатарына қоссын!
Исламда әйел адамның мешітке барып намаз оқуына тиым салынбаған. Дегенмен, үйде оқыған ең абзалы. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Әйелдердің мешітке баруына тиым салмаңдар. Бірақ, үйінде оқығаны одан қайырлы (жақсы)», – деген. Тағы бір хадисте: «Әйелдердің ең ізгілері – мешіті үйінің ішінде болғаны»- деген. Осы хадистерде айтылғандай әйелдер намазды мешітке барып оқыса болады. Бірақ өз үйінде оқығаны абзал.
Ал, намаз оқуға келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Дүние сөзін сөйлеп, әдепсіз әрекет көрсетіп, орынға таласуына болмайды. Әрі мешіт Аллаһтың үйі екендігін естен шығармай, оны барынша таза ұстау қажет.
Әйелдер сыртқа шыққанда сырт көзге түсетіндей әдемі киінуіне болмайды. Тек қана өз күйеуінің алдында әдеміленіп, жасануы тиіс.
Серікжан Еншібайұлы. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері
Категориясы: Білгім келген бір сұрақ.... | Көрілді: 1216 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0