Сұрақ: Төсек қатынасында әйелдің артқы тесігінен істеудің үкімі не?
Жауап: Бұлай ету кесімді түрде харам болып табылады. Ол туралы көптеген хадистер келген. Мәселен, Ибн Мәжә мен Насаи, Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Аллаһ Қиямет күні әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркекке назар салмайды».
Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (с.а.с.) тағы бір сөзінде:
«Әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркек лағнетке ұшыраған», дейді.
Шариғат кез-келген нәрсеге бостан-босқа тиым салмайды. Бүгінде азғындықтың шегіне шығып отырған қоғамымызда осы артқы тесіктен жыныстық қанынасқа түсу көтеншік, тік ішектің ұстамай қалуы сияқты көптеген аурулардың себебі болып отыр.
Мұндай тәсіл арқылы жасалған төсек қатынасы ыпылас, тазалыққа жатпайды. Ал, «Расында Аллаһ тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады». (Бақара: 222)
Тіпті, ғұламалар: «Еркектің жыныс мүшесі зәрмен ластанған болса, оны сумен жуып тазаламай әйелімен қосылуына болмайды. Сол сияқты әйелдің де жыныс мүшесі зәрмен былғанса, оны сумен жуып тазартпай күйеуімен қосылуына рұқсат етілмейді», деген.