[25.10.2009.] Немістің әрбір екінші сәбиі некесіз туылады екен
21:38
Бүгінгі жексенбілік жаңалықтарымыздың бірінде біржыныстылар арасындағы некелер заңдастырылуы жайлы жазған болатынбыз. Бұл бір сұмдық деп жағамызды ұстаған едік. Алдын хабарлағанымыздай Швецияда біржыныстылар қарашаның 1-ші жұлдызынан бастап шіркеуге барып заңды некеге тұра алатын болды.
Бұдан бөлек тағы да бір жағымсыз жаңалықтың бірі, Шығыс Германияда әрбір екінші сәби некесіз туылады екен. Бұл Лейбниц институтының мамандары жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды деп жазды Алаш айнасы. Мамандардың мәліметінше, елдің шығысында некесіз туылған сәбилердің көрсеткіші 57 пайыз болса, батыста бұдан екі есе аз. Некесіз нәрестелердің туылуы жөнінен Шығыс Германия өткен ғасырдың 40-жылдары-ақ ерекшеленген екен. Бұл аймақта, әсіресе, қыздардың оң босағада отырып, сәбилі болуы кең етек алған. Зерттеушілердің болжауынша, бұған өңірде католик діні ықпалының әлсіреуі және жалғызбасты әйелдерді әлеуметтік жағынан қолдау туралы отбасы саясаты себеп болуы мүмкін.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.