Әлемде діндер мен түрлі діни ұйымдар көп болып кеткені көптен бері көз үйренген нәрсе. Алайда солардың ақиқаты мен дұрысы қайсы? Алыстағыны ақтармай-ақ қояйық, өзіміздің 14 ғасырдан бергі мұсылмандар ұстанып келе жатқан қасиетті «Ислам» дініне тоқталайық. Соңғы кездері қыбыласы бірдей, Құраны да бірдей бола тұра мұсылмандар арасында түсінбеушіліктер мен бөлінушіліктер көбейіп кетті. Себебі олардың арасында саяси мүддені көздейтін топтар болса, екінші орында мұсылмандардың арасына іріткі салу арқылы ірітуге бағыттайтын топтар. Бұлардың барлығын да бірденнен білімсіздік пен діни сауатсыздықтан туындаған көрініс десек әбден жарасады. Қайсыбір ағымды мысалға алсаңыз, олардың түпкі мақсаттары басынан-ақ «қайтсек осы мұсылмандарды ойрандатамыз» деген ұранмен құрылған. Осы нәрсені топтың құрамындағылар мен астындағылар біле бермейді, сондықтан да олар жауға шапқан сарбаздай тек алға баса береді. Алайда осылардың біздерге керегі не, атам қазақ ежелден бері дәстүрлі ислам діні мен Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолын ұстанып келген жоқ па? Сонда аталмыш топтар кімдер өзі деген сауалмен бас қатырып тоқтап қала береміз. Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне ХІІ ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699–767) негізін қалаған Имам Ағзам Әбу Ханифа жолын ұстанып келеді. Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар тумады. Өйткені, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықты алдын ала білді. Бұл туралы Алла тағала Құранда мұсылман үмбетіне былай деп ескертеді: Жалғасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.