[26.10.2010.] Қарағандыда салынып жатқан жаңа мешіт жанында мыңжарым түп ағаш отырғызылды
14:07
Қазанның 23-і күні Қарағандыда жалпыоблыстық сенбілік ауқымында жаппай ағаш отырғызу жүргізілді. Облыстың болашақ бас мешіті салынып жатқан Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында облыс, қала басшылығының, мәслихат депутаттарының және студенттер мен мешіт қызметкерлерінің, жамағаттың қатыстысуымен 1000 түп шырша және 500 қараағаш отырғызылды. «Қарағандылықтар саябақтарды, скверлер мен аллеяларды санитарлық тазарту айлығына белсене қатысты. Егер бұрын сенбілікке 5-6 мың адам шығып жүрсе, биылғы күзде әрбір акцияға қатысушылар саны 40 мыңнан астам қала тұрғындарын қамтыды», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов. Осы күнгі сенбілікте қаланың басқа жерлері де көгалдандырылды. Қарағанды әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада барлығы 4300-ден астам түп ағаш отырғызылған. Қарағанды орталық мешітінің сайты.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.