Ата-бабаларымыздан біздерге «Үш қасиетің: дініңді, діліңді, тіліңді сақта!» деген қанатты сөз қалды. Ендеше осынау істің үдесінен шығу – кім-кімге болмасын, кез келген ел жанды азаматқа үлкен жауапкершіліктерді жүктейтіндігі сөзсіз.
Әрбір ұлттың өз тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының болатындығы белгілі. Ал бүгіндері осы құндылықтарымыздың қоғамдық өмірде қолданылу аясы қаншалықты? Біздіңше, мұндай қасиеттерге, парасаттылыққа негізделген құнды дүниелеріміз өз деңгейінде деп ешкім де айта алмаса керек. Түрлі өркениеттер тоғысындағы қазіргі кезеңде осындай асыл қасиеттеріміздің жойылып кетуінен сақтанбасақ болмайды. Ұлттығымызды ұлықтай білуде, тіліміздің терең тамыр жаюы жолында, дін жұмыстарын жүргізуде дәстүрлі дін өкілдерінің орны өлшеусіз екендігі анық.
Жер жүзіне Аллаһ тағаланың тарапынан жіберілген соңғы діні -Исламның келгеніне ХІV ғасырдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері Ислам діні - әлем халықтары ұстанатын негізгі дін ретінде толыққанды қалыптасты.
Осынау кезеңдер ішінде асыл дініміздің кеңінен қанат жаюына көптеген тұлғалар үлестерін қосты. Олар халық арасында шариғи нормалардың ретті қолданылуы, діни қағидалардың жұртшылық ішінде оңды қабылдануына ерекше ықпал етті. Мұсылмандардың күнделікті өмірінде жүріп-тұратын негізгі бағыттарын, тура жолын айқындап, анықтап берді. Солардың бірі әрі бірегейі Имам Ағзам Әбу Ханифа болды. Жалғасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.