[26.11.2010.] «ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЕТ КОМБИНАТЫ АШЫЛДЫ
01:06
Жамбыл облысының Меркі ауданында «Халал» стандартымен жұмыс істейтін ет комбинаты ашылды. Бұдан былай Меркі ауданының қойшы-малшылары мен жергілікті тұрғындары малдарын базарға апармай-ақ, ет өнімдерін өндіретін кешенге сата алады. Басты талап - бордақыланған жас мал болуы шарт.
Алтынбек Өмірзақов, шаруа қожалығының иесі: - Бұрын мысалы мал бордақылайтын адамдар өздері іздеп жүретін. Ал, комбинат қызметкерлері өздері келеді. Мысалы келеді де, малдың салмағын өлшеп, тікелей есептесіп алып кетеді. Сөйтіп комбинатқа өткізеді. Бұл тауар өндірушілерге үлкен жеңілдік болып тұр.
«Халал» ет Иран еліне экспортталатын болып шешілді. Жамбыл облысының әкімшілігі мен екі ел компаниялары осындай келісімге қол жеткізген. Комбинатта жылына 2,5 мың тонна ет өңделеді. Бүгінде Жамбыл облысында 2,5 млн қой және 400 мыңға жуық ірі қара мал бар. Ет комбинаты өндірістік қуатын арттырар болса, мал басы жеткіліксіз болмақ. Сондықтан, кешенге қажетті малды Мойынқұм және Талас аудандарынан сатып алу жоспарланып отыр. www.khabar.kz
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.