Жуырда Мәскеу қаласында ХІ халықаралық Құран оқу жарысы болып өтті. Оған араб елдерінен, Малайзиядан, Финляндиядан, Оңтүстік Африка республикасынан, Америкадан, Орта Азия республикаларынан, Австрия мен Ресейден 17 мен 35 жас аралығындағы 25 үміткер қатысты.Нәтижесінде бірінші орынды ирандық қари Амина Пуя жеңіп алды. Екінші орын Түркиядан келген Мехмет Билирге бұйырса, үшінші тұғырға малайзиялық Мұхаммед Әнуар Бин Ғазали көтерілді. Сонымен қатар, әділқазы алқасының мүшесі Салахутдин Сұлтан (Бахрейн) тарапынан тағайындалған арнайы сыйлықты Тәжікстан қариы Исмоилджон Шункуров иеленді.Жарыстың жүлде қоры 600 мың рубльді құраса, оның 120 мыңы жеңімпазға тарту етілді.
Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиннің мұрындық болуымен және Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмелетдин Ихсаноглудың қолдауымен өткен Мәскеу халықаралық Құран жарысы 2010 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның мәдени іс-шаралары тізіміне енгізілді.
Бұл жарыста біздің елімізден Астана қаласындағы «Әбу Ханифа» қарилар орталығының директоры Садуақас қари Олжабаев та бақ сынады. Ынталандыру орындарын місе тұтқан қари С.Олжабаев халықаралық жарысқа келген әлемдік қиралармен мол тәжірбие алмасып, бүгінде өзі басқарып отырған 30 қазанда ресми ашылатын қарилық медресені дамыту жолдарын үйреніп қайтқанын алға тартты.Бұған дейін С.Олжабаев әлемдік бірнеше қарилар жарысына қатысып, жүлделі орындар иеленіп, ел мерейін талай рет асқақтатқан болатын. Ендігі мақсат, әлемдік деңгейде бақ сынайтын үздік қарилар дайындау,- дейді қари. "Нұр Астана" ортиалық мешіті.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.