[28.10.2009.] Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз - 28 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:50
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2174
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 28 » [28.10.2009.] Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз


[28.10.2009.] Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз
11:42
Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз - РФ Муфтилер кеңесінің төрағасы Р.Гайнутдин Кеше Ресей Муфтилер кеңесінің төрағасы Равил Гайнутдин Мәскеудегі бас мешітте ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың көрегендік саясаты Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастардың дамуына қуатты серпін берді деп мәлімдеді.
Ол кездесуді ашу кезінде сөйлеген сөзінде Ресей мен Қазақстанның арасында бауырластық пен өзара түсіністікке негізделген дәстүрлі байланыс орнағанын атады. «Біздер әрқашан да бір-бірімізге арқа сүйей алғандықтан, қарым-қатынастарды одан әрі ұстанғанымыз маңызды. Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз және мақтан етеміз», - деді Р.Гайнутдин.
Муфтилер кеңесінің төрағасы сонымен қатар, Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өткізілуін толық қолдайтынын атады. Оның айтуынша, III съезд жұмысына қатыса отырып ол Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерге үлкен көңіл бөлетініне көз жеткізген. «Съезд діндер арасындағы диалогтың дамуына қосылған үлкен үлес және маңызды оқиға болды», - деді Р.Гайнутдин.
Муфти Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі өте жоғары екенін атады. Посткеңестік елдер аумағында Қазақстанда тұрақты түрде өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты форумның әзірге жоқтығын атады.
Қ.Тоқаев бас мешітте болу мүмкіндігіне ие болғаны, сондай-ақ Қазақстанның атына айтқан жылы сөздері мен берген бағасы үшін алғысын білдірді. Ол сонымен қатар, Н.Назарбаевтың Түркияға жасаған сапары барысында ҚР Президентінің түркі әлеміндегі көшбасшы деп танылғанын атап айтты. Сенат спикері сонымен қатар, муфтиге Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне жеке өзінің қатысқаны және сөз сөйлегені, ресейлік делегацияның осы форумға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Осы бағытта одан әрі ынтымақтастықтың қажеттілігіне сенім білдірді. 
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат. 
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 703 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0