[28.10.2009.] Париж соты Саентология шіркеуіне айып тақты
14:31
Париж соты Саентология шіркеуіне алаяқтыққа қатысы бар деген айып тағып, оның жергілікті бөлімшесіне 600 мың евро немесе 900 мың доллар көлемінде айып тағуға үкім шығарды. Дегенмен, сот прокурорлардың осы ұйымның қызметіне тыйым салу жөніндегі талабын қанағаттандырмай тастады. Саентология шіркеуінің франциялық бөлімшесі сот үкіміне дереу қарсы шағым беретінін жариялады. Саентолгия шіркеуі өзінің мүшелерінен кітаптар сатып алуға және медициналық тексеруден өту үшін ақша төлеуді талап еткен делінеді. Сотқа алғаш шағым түсірген адам - 1998 жылы саентология шіркеуіне қосылмақ болған бір әйел екен. Ол кітаптар мен әртүрлі жаттығу сабақтары үшін 31 мың долалр төлеп шығынданғанын айтқан. Бұдан кейін тағы да екі адамнан шағым түсті. Сот оларды қанағаттандырмас бұрын бірнеше жыл саентология ұйымның әрекетіне терең тексеру жүргізіпті. Саентология шіркеуінің кітапханасына да 200 мың евро немесе 300 мың доллар айып салынды. Сонымен қатар, сот ұйымның басшылығындағылардың төртеуіне де айып тағып, оларға 10 айдан 4 жылға дейін түрмеге отыруға жаза кесті. Дегенмен, бұл үкім шартты түрде өтелетіні жарияланды. Ал басқа екі адам 1 мың және 2 мың евро көлемінде айыппұл төлемек. Саентология шіркеуі 1954 жылы Лос-Анджелесте жазушы-фантаст Рон Хаббард негізін қалаған ұйым. Ол Францияда діни ұйым емес, секта саналады. Әлемнің бірқатар елдерінде саентология шіркеуіне заң арқылы тыйым салынса, көптеген мемлекеттерде оның қызметі мен қоғамдық өмірге араласу деңгейі шектелген. "Хабар".
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.