[28.03.2011.] Хиджабқа қоғам қолдау көрсетуі қажет - 28 Марта 2011 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:53
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 685
 

Негізгі бет » 2011 » Наурыз » 28 » [28.03.2011.] Хиджабқа қоғам қолдау көрсетуі қажет


[28.03.2011.] Хиджабқа қоғам қолдау көрсетуі қажет
00:25

Соңғы кездерде елімізде хиджабқа қарсы тұратындар көбейді. Хиджаб киетін әпке-қарындастарымызға тура бір террорист көргендей жақтырмай қарайтындар арамызда жеткілікті. Әсіресе, білім ордаларына хиджабпен келген қыздарға тиым салынып жатқаны жанымызды жабырқатады. Менің ойымша, хиджаб киген қыз-келіншектерге қоғамымыз тарапынан қолдау көрсетілуі қажет-ақ.

Шын мәнінде қыздарымыздың ибалы да, тәрбиелі, иманды болуына біздер қуануымыз керек. Мұсылман қыз-келіншектері әуретін жауып, оны тек өздерінің жарына ғана көрсетуі имандылықтың белгісі емес пе? Мұхтар Әуезов ағамыз хиджабты «шариғат шәлісі» деп атаған. Кеңестік дәуірдің қылышынан қан тамған тұсында хиджабты осылай атаудың өзі ерлікпен пара-пар екені түсінікті. Ал қазақтың сауатын ашуда елеулі еңбек еткен ағартушы Ыбырай Алтынсарин ағамыз: «Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық!» деп білім алмастан бұрын Алла-тағалаға ғибадат етуді үкім етті.

Ендеше білім алудан бұрынғы парызымыз Алла-тағаланы зікір ету екенін ұмытпайық. Бүгінгі қоғамымызда егемендік алып, етек-жеңімізді жинап, дініміз бен тілімізді берік ұстауға ешкім кедергі болмауы керек. Тіпті балабақша мен мектептерімізде осы Ыбырай атамыздың өлең жолдарын дәптердің алғашқы бетіне жазғызып, оқушының есіне Алла-тағаланы жиі салып, балалардың иманды болып өсуіне неге бағыт бермеске?

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмаудың да бір ғана жолы бар. Ол – имандылық тәрбиесі. Иманды бала өзгеге әлімжеттілік жасамай, әлсізге көмек қолын ұсынуға дайын тұратыны белгілі. Сондықтан балалардың тәртіпсіз болып бара жатқанының басты себебін өзімізден іздеуіміз керек. Яғни балаларға дұрыс бағыт беріп, имандылыққа тәрбиелемесек, ертеңгі күні опық жейтініміз анық. Әл-Фараби атамыз айтқандай «Тәрбиесіз алынған білім адамзаттың қас жауы» екенін ұмытпағанымыз абзал. Себебі дұрыс тәрбие ғана қоғамды аман сақтап қалады. Неге бүгінгі күні көкек аналар көбейді? Неге өз ата-аналарын қатігездікпен қарттар үйіне тапсыратын тасжүрек балалар пайда болды? Мұның бәрі дінсіз қоғамдағы дүбәра тәрбиенің салдары.

Егер мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар исламдық тәлім-тәрбие негізінде білім алар болса, арақтың харам екенін, кісі ақысын жеудің, ата-анаға артық-аспай сөз айтудың үлкен күнә екенін біліп өскен болар еді. Қыздарымыз ибалы да, инабатты болып өссе, жезөкшелер қоғамнан өзінен-өзі жойылар еді.

Міне, сондықтан мектептегі білім алушы шәкірттерімізді иманды етіп тәрбиелеуге әрбір ұстаздың атсалысуы керек. Қазақстанның болашағы мектептен басталатынын ұмытпайық. Мектеп – ертеңгі қоғамды басқаратын азаматтарды тәрбиелеп шығарады. Қоғамымызды қауіпті дерттен қорғап қалуды бүгінгі күннен бастайық, ағайын!

Дереккөз: abai.kz

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 713 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 3
09.Маусым.2011
3. Аль-Амин (Al-amin)
Хиджаб фарз! Неге хиджаб киген айелдерiмiздi, кыздарымызды адасушылар дейсiздер? Оданда арбiр корген хиджабтагы айелге, кызга дуга кылыныз! Ойткенi хиджаб киген кыздын не айелдiн иманынын котерiлгенiн белгiсi. Бауырлар бiр-екi адасушылар болса барiн адасушылар деп айтпаныз! Бiреу мiреу анау болмайды мынау болмайды десе далелiн сурауда уялмау керек! Бiлмесенiз имамнан сурау керек!

[пікірдің сілтемесі]
28.Мамыр.2011
2. Ерсұлтан
Ардақ, менің ойымды дөп тауып айттыңыз, бұл сайтқа келуімнің де мақсаты сол еді. Мен жұма намаздан қалмаймын, үй төрінде әкем жоқта бата беріп, ата-бабаларымның басына барып құран оқимын. Неге мен қазіргі "діншілдердің" айтуынша, сақалымды өсіртіп, мемлекетке жасап жатқан жұмысымды тастап, қарындастарымды оқудан шығартуым керек, "ертең бәрібір үйде отырады" деп? Неге мен әке-шешем мен ата-бабам қалдырған білім-өсиеттерді дұрыс емес деп танып, өзгертілген ілімді қабылдауым керек?
мысалға 1-ақ нәрсені келтірейін: әр жұма намазға мен ертерек келіп, уағыз тыңдап, аяғына дейін болып, аяқ жағында уақытым жеткенше барлығының қолын алып, "ниеттері қабыл болуын" тілеймін. дегенмен, тағы білгіштер жетеді: дәл ортасында кіріп (оған дейін далада отырып, айқайлап күліп отырады), тек парыз бөлігіне қатысып (тұрған күйлері де міндет - талтайып, адамды кәдімгідей қысылтып, ойын бұзады), кейіннен тұрып-тұрып кетіп қалады. Қайтадан далаға шығып әңгімелерін жалғастырып отырады? Өздері басқа "Шариғат" тауып алған ба? Мен ес білгелі, әкелерім де, аталарым да құран-намазын оқиды, мұндайды бірінші рет көріп жатырмын.
өзім қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін болған соң, кейде осындай келте шалбарлы немесе хиджабты адамдар келіп,шыдамсыздық танытып, ары кетсе балағаттап кететіні бар? сабырлық қайда? әр адамның өз иманы мен өз ниеті бар. оны ешікм мәжбүрлетудің хақысы жоқ!

[пікірдің сілтемесі]
25.Мамыр.2011
1. Ардақ
хиджаб секілді арабтың ұлттық киімін қазақтар діни киім ретінде киіп, бір біріне бөтен көрінуінен үлкен әңгіме туары сөзсіз. Хиджаб киетіндердің ішінде қара түстілері уаххабиттер. Ол әдейі қара жамылуға қатысты. Ал қазақ дүниетанымында білек, құлақ, мойын, екі бет, желке, тізеден төмен ұятте жер есептелмейді. Тек манияктар ғана осы жерлерді көргенде нәпсісі қозады. Тыр жалаңаштану дұрыс емес, бірақ керісі тұмшаланып алу да адамгершілік емес, Дінді қуып кеткендер дінді апинға айналдырып шегіп жүр. Алла шектен шыққандарды жақсы көрмейді. Алла уаххабиттер мен салафиттерді тозақтың төріне жібереді. Өйткені олар терроршылдар, лаңкестер, экстремистік бағыттар.

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Наурыз 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0