Жалпы «такфир» немесе «һижра жамағаты» деген (өздерін «мұсылман жамағаты» деп атаушылар) ағым – исламдағы шектен шыққан топ болып табылады. Бұл ағым сенімдерінің негізі хауариж ағымының такфир ұғымына құрылады. Хауариж – Ислам тарихында ең алғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымның мүшелері ІІІ Халифа Осман бин Аффанды және ІҮ халифа Әли бин Әбу Талибті қастандықпен өлтірген. Осман және Әли – ұлық сахабалар, Ислам дініне көп еңбек сіңірген тұлғалар. Хауариждер Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларын ғана емес, мыңдаған бейкүнә мұсылмандардың да қанын төккен. Ағым өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мысыр елінің түрмелерінде жаппай қамауға алынған мұсылмандар арасында бой көтерді. Әсіресе, ол Мысыр студенттері ортасында ерекше қолдауға ие болды. Ағымның дүниеге келуіне түрткі болған жайт, түрмелердегі адам төзгісіз жағдай еді. Түрмедегі ауыр азаптан көптеген кісілер қайтыс болды. Осындай уақытта ауыр қысымға ұшыраған мұсылмандар осы ағымға кіре бастаған. 1967 жылы Мысырдағы Президент сайлауы қарсаңында ағым екіге бөлінді. Бірі сайлауға қатысуға ниет білдірсе, екіншісі үзілді-кесілді сайлауға қарсы шықты. Сол кезде такфиршілер үкіметті мойындамай, ел президентін және мемлекеттік билікті «кәпір» деп, мемлекеттік жүйені мойындаған халықты «кәпірге» санаған. Олардың оқыған намазы мен ұстаған оразасынан еш пайда жоқ деген пікірді тарата бастаған. Жалғасы мұнда...
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.